Қазақстан арқылы өтетін Қытай мен Ресейдің контейнерлік тасымалы төрт есеге ұлғайған

Жүк тасымалы
30.11.2022, 11:29

XVIII-ші Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық форумында екі елдің шекаралық облыстары арасындағы алыс-беріс пен барыс-келісті нығайтудың перспективасы пысықталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Форумға Ресей Федерациясы мен Қазақстан Үкіметтерінің мүшелері, атап айтқанда салалық министрліктердің өкілдері және Астрахан, Челябі, Самара, Орынбор облыстары, сондай-ақ еліміздің Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының өкілдері жиналды. Қорытынды пленарлық отырыста форум қатысушыларына бейнебайланыс арқылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресейдің президенті Владимир Путин үндеу жасады.

Сонымен қатар форумда төрт панельдік сессия ұйымдастырылып, онда қатысушылар екі елдің көлік-логистикалық әлеуеті, трансшекаралық ынтымақтастықтың болашағы, қазіргі жағдайда кооперациялық жобаларды басқарудың мәселелері, экономикалық дәліздер парадигмасында еуразиялық көлік-логистикалық құрылымды қалыптастырудағы өңірлердің рөлі, сондай-ақ транскаспий бағытындағы мультимодальды байланысты дамыту мен «Сібір/Орал – Қазақстан-Азия» көлік бағдарының келешегі жөнінде пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізді.

Бұл орайда өтпелі логистикалық қызмет бойынша үлкен мәңге ие халықаралық көлік дәлізінің маршруттарына ерекше назар аударылғанын айта кету керек.

«Қолға алынатын жұмыстың негізгі қатарына – өткізу пункттерді дамыту бойынша үздіксіз екіжақты іс-әрекетті жолға қою, олардың және көлік инфрақұрылымының шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу кіреді. Демек аталған пункттерді дамытуды үлесімді түрде жүргізу маңызды міндет саналады. Бұл жағдайда «Еуразиялық бестіктің» аясындағы ынтымақтастықтың рөлі зор», – деді статс-хатшы, Ресей Федерациясы Көлік вице-министрі Дмитрий Зверев.

Айталық, биыл Қазақстан аумағы арқылы Қытай мен Ресейдің арасындағы контейнерлік тасымалдың төрт есеге ұлғайғаны байқалды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрдәулет Қилыбай айтты.

«Еліміз көлік қатынасының әртараптандырылған жүйесіне ие. Атап айтқанда, қазір 5 халықаралық теміржол көлік дәлізі және 8 транзиттік автокөлік дәлізі жұмыс істеп тұр. Биыл Қазақстан арқылы ҚХР мен РФ арасында контейнерлік жүк тасымалы төрт есеге өскен», – деді Н.Қилыбай.

Тұтастай алғанда, Орынбор облысының географиялық орналасуы оның көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытудағы артықшылығын көрсетеді. 2030 жылға дейін белгіленген жоспарда Орынбор агломерациясында көліктік және қосымша қызметтердің толық спектрі қамтылған жүктер мен контейнерлерді өңдеп, қоймалау, кедендік тазарту бойынша көліктік-логистикалық терминалды құру көзделіпті.

Енді Қазақстан мен Ресейдің арасындағы келесі өңіраралық ынтымақтастық форум 2023 жылы Қостанайда өтеді деп жоспарланған.

 

Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды
Әлемде
02.09.2026
Қытайдың CRRC компаниясы шығарған пойыз Румынияда жолаушы тасымалдай бастады
Трансформация
02.09.2026
Мемлекет басшысы Еуразияның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруды ұсынды
Аймақтар
01.09.2026
Жетісу облысында Достық вокзалы жаңарту жұмыстарынан кейін қайта ашылды
Аймақтар
01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл