Қазақстанның транзиттік әлеуеті артуда. Мәселен, 2021 жылы транзиттік тасымалдардың жалпы көлемі 13,6 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17%-ға жоғары.
"Атамекен" ҰКП сараптамалық орталығының мәліметінше, Қазақстан аумағы арқылы тауарлардың 78%-ы темір жолмен және 20%-ы тіркемесі немесе жартылай тіркемесі бар жүк көліктерімен тасымалданған.
Айта кету керек, транзиттік жүктердің 57%-ы Азия елдерінен, 39%-ы ТМД елдерінен жөнелтіледі. Бұл тауарлар ЕАЭО (42%) және ЕО (23%) елдеріне жеткізіледі.
Тауарлар транзитінің ең танымал бағыттары:
Азия – ЕО елдері (жалпы транзиттің 19,8%);
Азия – ЕАЭО елдері (19,5%);
ТМД елдері – ЕАЭО елдері (19,0%).