Қандыағаш станциясынан он айда 887 мыңнан астам вагон жүк жөнелтілген

Жүк тасымалы
06.12.2022, 10:11
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстан темір жолының еліміздің түкпір-түкпіріне тармақталған желісі теміржол көлігі арқылы жүктердің үлкен көлемін қандай қашықтыққа болсын тасымалдауға мүмкіндік береді.

Сондықтан ірі компаниялардың дені өнімдерін темір жол арқылы тасымалдап отыр. Тоғыз жолдың торабы Қандыағаш станциясының тасымал қызметіне жүгінетін жергілікті 40-тан аса кәсіпорын бар. Станцияда жұмысты ұтымды ұйымдастыру мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің арқасында тасымал көлемі бірте-бірте ұлғайып келеді. Биылғы он айдың ішінде станциядан 887 147 вагон жүк жөнелтілді. 2021 жылмен салыстырғанда тасымал көрсеткіші 101% орындалып отыр. Жүк тасымалдау, қабылдау және тиеу жоспары толық орындалған, сапалық көрсеткіштері де көтеріңкі.  

Станцияда 242 теміржолшы еңбек етеді. Тасымал қызметін төрт бағытқа ұйымдастырып отырған Қандыағаш станциясында 10 айда 20584 пойыз кабылданып, 21515 пойыз жөнелтілген. Цемент, болат, қиыршық тас тиеу жұмыстары қыс маусымында да тоқтамайды.  

– Аумақта бес паркпен жабдықталған 3 маневрлік аудан бар, 7 маневрлік локомотив жұмыс істейді. Жүк жұмысын ұйымдастырып отырған 11 кірме жол бар. Оның ішінде негізгі екі кірме жолдағы жұмыс тоқтаусыз жүреді. Аудан аумағындағы зауыттардан күніге 7-8 вагон жүк тиелетін жолдар бар. Ең кішкентай деген кірме жолдың өзінде айына 30 вагонға дейін жүк тиеледі. Қазіргі уақытта тәулігіне 80 жұп пойызды қабылдап, 80 пойызды жіберіп отырмыз, – дейді станция басшысы Асхат Мәжитов.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды