Өткен жылы Атырауда жұмыс вагондарының айналымы 93,8% құраған

Жүк тасымалы
17.01.2023, 10:18
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша өткен жылы пайдаланым жүк айналымы жоспардан төмен болып, негізгі 16 көрсеткіштің бесеуі ғана орындалды. Әрине, жоспар бойынша кейбір көрсеткіштердің межеден төмен болуының өз себептері де бар.

Ең алдымен оған орташа жүк тиеудің және тиелген жүк вагондарының кемуі, транзиттік тасымалдың азаюы себеп болды. Қаңтар қасіреті кезінде, яғни 2-6 қаңтар аралығында елде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты өңірде ешқандай мұнай өнімдері тиелмеген, ешқандай жүк тасымалы жүргізілмеген. Ал одан кейін Украинадағы соғысқа байланысты онда жөнелтілетін экспорттық мұнай өнімдерінің де тұрып қалуына әкелді.  

Бөлімшенің өндірістік-техникалық бөлім инженері Н.Матаеваның мәліметінше, 2022 жылғы 1 наурыздан бері Украинаға қандай да бір жүк жөнелтуге және Солтүстік Кавказ темір жолына пропан-бутан өнімін жіберуге тоқтам қою да тасымал көлемінің кеміп кетуіне әсер еткен. Сондай-ақ, «Теңізшевройл», «Батыс Транс Групп», «Индер Туз Компания», «Тенгизская Транспортная Компания» ЖШС-мен Мақат, Құлсары, Теңдік, Қарабатан станциялары арқылы экспорттық бағыттағы пропан, бутан, мазут, кокс, күкірт тиелген вагондар келісілмегендіктен және тапсырыс берушілердің бас тартуы себепті тиелмей қалды. Өңірдегі мұнай өнімдерін өндіріп, өңдеуші «Теңізшевройл», Атырау мұнай өңдеу және Болашақ зауыттарының жыл барысында бірнеше рет жөндеуге тұруы да тасымал көлеміне әсер етті.

Ресей-Украина арасындағы қақтығыс еларалық экономикалық қарым-қатынасқа да ықпалын тигізді. Соның әсерінен экономиканың негізгі бөлігін құрайтын өңірдегі мұнай өнімдерін өндіру, оны тасымалдау көлемі кеміп кетті. Оған нарықтағы ауқымды дағдарыс, мұнай бағасының тұрақсыздығы, өнімнің болмауы және сатып алушылардың төлемқабілетсіздігі де себеп болғаны анық.  

Көрсеткіштерді жіктер болсақ, жергілікті вагон айналымы 100%, вагонның орташа статистикалық салмағы 100,5%, динамикалық салмағы 100,5, пойыздың орташа салмағы 100,1, жүк вагондарының жүрісі 100,2% орындалды. Аймақтағы негізгі өндіріс ошақтарының қызметі мұнай өндірісімен байланысты болғандықтан, пойызбен тасымалданатын жүк түрлері де негізінен мұнай өнімдері. Соған сәйкес, кіріс те тасымал көлеміне байланысты болады. Бір жылға белгіленген пайдаланым жүк айналымының жоспары 10873 млнткмнетто болса, орындалғаны 10656,1 млнткмнетто, яғни 98 пайыз. Ал директорлар кеңесі жоспарына сәйкес 95,2%.  

Сондай-ақ, өткен жылы жұмыс вагондарының айналымы 93,8% құраған. Себебі вагон тиеуді игермеу, тиелген вагондарды қабылдаудың кемуі, автобұғаттаудың тоқтауы және жылдамдықты шектеуге ескерту берілуі де вагон айналымына әсер еткен. Ол «ТШО» ЖШС, «Механизированная колонна», «Иси Гипс Индер», «Нура», «Еврострой», «Агропромтехника», «Градекс», «Бертас 2», «Кедентранссервис», «Петро ретэйл», «Атыраубетон-24», «Батыс Альянс» ЖШС-мен Құлсары, Мақат, Махамбет, Атырау, Ақжайық станцияларында уақытында түсірілмегендіктен кеміді. Оған алдымен жүк қабылдаушылардың өздері де кінәлі, яғни кірме жолдардың алыстығы, локомотивтерін күту, түсіру орнының бос болмауы, жүктің қатып қалуы, жұмыс күшінің болмауы, бір уақытта бірнеше пойыздың қатар келуі, т.б. себептер көп. Ал жылдамдықтың кемуіне Атырау-Қиғаш. Мақат-Сағыз, Мақат-Құлсары бағыттарында күрделі жөндеу жұмыстар жасалып, 3840,9 сағатқа 1035 технологиялық «толаскез» алудың да әсері болды. Ескі бұрмаларды жаңарту, электр желілері, ВЛ-СЦБ құралдарын жөндеу үшін автобұғаттау, сондай-ақ ДУОМАТ, УНИМАТ, Жейсмар жол машиналарымен жол жұмыстарын жүргізу үшін де 1820,21 сағатқа 561 технологиялық толаскез алынған.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда