Дегелең станциясында көмір тиейтін жүк пойыздарының саны 13-14- ке жеткізіледі

Жүк тасымалы
24.01.2023, 09:15
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Қыс қаһарына мінген қаңтарда қатты отын тұтынатын өңірлердің көмірге сұранысы арта түскен. Соған орай кен орындары мен тасымалдаушылар қызметі жанданды. Мысалы, қатты отынға тапсырыс артқалы «Қаражыра» көмір кеніші өндіріс барысын ұлғайтып, теміржолшылар тасымал процесін жеделдетуге кіріскен.

Республиканы Қаражыра көмірімен қамтуда күретамыр саналатын Дегелең – Ақсу, Дегелең – Жаңа-Семей телімдері бүгінде толық күшінде жұмыс істеуде. Жоспарланған кесте бойынша тәулігіне 10 жұп жүк пойызын өткізу керек болса, тапсырыстың артуына байланысты 11 немесе 12 жұп көмір тиелген пойыздар жүруде.  

Ағымдағы жылы «Қаражыра» АҚ көмір өндіруді 9 млн тоннаға жеткізуді міндет етіп отыр. Бұл ретте басты әріптесі – ҚТЖ ұлттық компаниясы қызметі арқылы, яғни теміржолмен 8,7 млн тонна қатты отын жөнелтуді межелеуде. Көмір өндіруші компания техникалық мүмкіндіктерін арттыру мақсатында бірқатар инвестициялық бағдарламаларды сәтімен іске асыруда: жалпы құны 42,0 млн АҚШ доллары көлеміндегі қаражатқа тау-кен өндірісіне арналған техникалар сатып алған. Соның ішінде сегіз карьерге арналған, әрқайсысы 220 тонна жүк көтере алатын «БелАЗ»-75306 самосвалы, Hitachi ЕХ-3600 маркалы екі эксковатор және тағы басқа ауыр жүк машиналарына қол жеткізген. Оның сыртында өндірістік қуаты сағатына 1200 тонна көмірді құрайтын жаңа сұрыптау-байыту кешенін іске қосты. Яғни жылжымалы құрамдарға көмір тиеу ісі бұрынғыға қарағанда әлдеқайда өнімдірек болмақ. Ал теміржолшылар міндеті – Дегелең станциясындағы көмір тиеу процесін жылыту маусымы кезінде тәулігіне 560 вагонға дейін жеткізу болмақ. Семей ЖТ бөлімшесі өндірістік техникалық бөлімінің бастығы Гүлнар Төлеуханованың айтуынша, оған толық мүмкіндік бар.  

Қазіргі таңда Семей бөлімшесіне қарасты станцияларда көмір түсіру жұмыстарына бірінші кезекте орын берілген. Семей, Аягөз, Шар станцияларындағы көмір тұйықтарына қатты отын кедергісіз жүргізілуде. Әр тәулік сайын оларға 30 вагон көмір немесе 2 мың тонна қатты отын жеткізіледі.  

Жалпы биылғы қыстың суық болуына байланысты оңтүстік өңірлерден, тіпті алыс-жақын шетелдерден Қаражыра көміріне деген сұраныс күрт артқан.  

– Өткен жылдың соңында бос вагондарды жинап алу бойынша бірқатар мәселелер туындаған болатын. Ал жаңа жылдан бастап вагон саны жеткілікті. Абай облысының көлемі бойынша көмір қарбаласы жоқ. Отын бағасы да өзге облыстармен салыстырғанда айтарлықтай қымбаттамады, – дейді бөлімшенің логистика және жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімінің мамандары.

Расында да, Семейдегі көмір тұйықтарында көмірдің тоннасы жеткізіп беру қызметін қоса алғанда 12 400 теңгеден саудалануда. Бұл – еліміздегі ең төмен баға.  

– Алдағы уақытта көмір тиейтін жүк пойыздарының саны 13-14- ке жеткізілмек. Былтыр Дегелең станциясы дамытылып, жаңадан үш бірдей қабылдау-жөнелту жолдарының салынуы оған толық мүмкіндік береді. Қазір станциядағы жолдар саны 9-ға жетіп, тынысы кеңіген, – дейді Семей ЖТ бөлімшесі өндірістік техникалық бөлімінің бастығы Гүлнар Төлеуханова.  

Бүгінгі күндері бөлімше бойынша көмір тасымалы штаттық режимде жүргізілуде. Шартарапқа қатты отын жеткізуде вагондарды сұрыптау жұмыстарына басымдық берілетін Жаңа-Семей жүк станциясындағы өндіріс артып, маневрлік тепловоздар саны да көбейтілуде.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды