Контейнерлік транзит үш есе артты

Жүк тасымалы
18.04.2023, 10:40
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ алға тартқан деректерге сүйенсек, ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында транзиттік жүк тасымалы көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35% артып, 7,2 миллион тоннаны құраған. Соның ішінде, контейнерлік тасымал өсімі 19% құрап, 313 мың ЖФЭ-ге жеткен.

Соңғы бес жылда контейнерлік транзит көлемі үш есеге өсіп, 1 миллион жиырма футтық эквиваленттен (ЖФЭ) асқан. Негізгі өсімді Қытай – Еуропа – Қытай бағытындағы транзиттік тасымал құрап отыр.  

«2022 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк айналымы тарихи максимумға жетіп, 23 миллион тоннадан асты. Биыл да өсу үрдісі жалғасуда. Оның жарқын көрінісін, алғашқы үш айда екі ел арасындағы жүк айналымының 30 пайыздан асып орындалғанынан көруге болады. Егер Қазақстанның Қытайға экспортын бөлек алып қарайтын болсақ, бірінші тоқсанда өсім 53%-ды құрады. Біз жүк айналымын одан әрі қарай өсіру мүмкіндігін, әлеуетін көріп отырмыз және осы бағытта қарқынды жұмыс істейтін боламыз», – деп мәлімдеді бұл туралы жуырда Алматыда өткен бизнес-конференцияда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Қойшыбаев.  

Қазір теміржол көлігінде контейнерлендіру жүк тасымалын дамытудың перспективалық бағыты болып отыр. Мәселен, 2022 жылы контейнерлерде 15,7 млн тонна жүк тасымалданып, контейнерлеу деңгейі 5,5%-ға дейін өскен. Соның ішінде, былтырғы контейнерлердегі экспорттық жүктердің өсімі 2021 жылға қарағанда 30,3%-ды құраған. Осы ретте, контейнерлендірудің негізгі өсімі Қытай мен Түркияға бағытталған астық, сондай-ақ, ҚХР-ға тасымалданған мұнай коксы, астықтың тартылған өнімдері мен түсті рудалар еншісіне келіп отыр.  

Қазіргі уақытта жүк тасымалының контейнерлік нарығындағы ірі ойыншылармен ынтымақтастық жалғасып, ауыл шаруашылығы өнімдерін тиеу үшін қолданыстағы терминалдарды қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде.  

Сонымен қатар қазақстандық жүктерді контейнермен тасымалдау деңгейін арттыру үшін бәсекелестік жағдайлар жасалуда. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне тиісті мемлекеттік органдармен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және бизнеспен бірлесіп Қазақстан Республикасында жүктерді контейнерлеу және контейнерлік тасымалдау бағдарламасын әзірлеу тапсырылған.

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті