Атырау жүк тасымалында пойыз қабылдау төмендеген

Жүк тасымалы
14.07.2023, 09:10
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша биылғы жылдың жарты жылдығында аймақтағы тасымал көлемі техникалық жоспар бойынша 90 пайызға орындалыпты, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда сәл де болса жоғары. Алайда, мұнайлы өңірде жүк айналымы бұрынғы қалпынан төмендеп бара жатқаны жасырын емес.

Өткен алты айда көп көрсеткіш кеміп кеткен. Оған орташа жүк тиеудің және тиелген жүк вагондарының кемуі, транзиттік тасымалдың азаюы себеп. Содан соң пропан, бутан, мазут, кокс, сера, ксилол тиеу азайып кетті, өйткені жүктерді экспортқа тиеуге конвенциялық тыйым қойылды. Сонымен қатар ішкі-сыртқы түйіспе жолдар бойынша вагондар саны, пойыз қабылдау азайған.  

Атырау – Қиғаш, Мақат – Құлсары бағытында жолды күрделі жөндеу жұмыстарының жүруіне байланысты жылдамдықты шектеуге 2138 ескерту, жол жөндеу машиналары мен ЭЧ, ШЧ мекемелерінің жұмыстарына байланысты 378 технологиялық «толаскез» берілген. Мұндай жағдайда пайдаланым жүк айналымымен қоса, жүк вагоны өнімділігі, вагонның орташа тәуліктік жүрісі, вагонның статистикалық салмағы, бір жүк операциясына вагонның тұруы, локомотив жүрісі, пойыздың учаскелік жылдамдығы, пойыздар қозғалысының техникалық жылдамдығы сынды басқа да көрсеткіштер төмендейді. Бөлімше бастығы А.Базарғалиевтің атап өткеніндей, өңірдегі станцияларда жүк операциясына және транзиттік вагондардың тұрып қалуы, сондай-ақ тастанды вагондар саны да артқан. Негізінен жеке тасымалдаушылардың локомотивтерінің жетіспеушілігінен осындай жағдайлар кездеседі. Пойыздардың уақытынан кешігуі де (1093) аз орын алмаған.  

Әйтсе де, негізгі қызмет бойынша (тасымал арқылы) қаржылай табыс көлемі былтырғы жылғы осы уақытқа қарағанда 52,6% немесе 9 млрд 702 млн 974 мың теңгеге артық болып отыр. Соның нәтижесі ретінде техникалық жоспарға сәйкес жүк тиеу 104,1 пайызға орындалған.  

 

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды