Астық тасымалы маусымына дайындық қалай?

Жүк тасымалы
21.07.2023, 09:45
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Сәрсенбі күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ Өндірістік процестер жөніндегі басқарушы директоры Бауыржан Орынбасаровтың төрағалығымен 2023 жылдың астық тасымалына дайындық, күрмеулі мәселелер мен оларды шешу жолдары, вагондарды бағдарлау сияқты маңызды жайттарды талқылаған кеңейтілген отырыс өтті. Жиынға салалық қауымдастықтар, ірі жүк жөнелтушілер, экспорттаушылар мен вагон операторлары өкілдері қатысты.

ЭКСПОРТ ТА, ИМПОРТ ТА ӨСКЕН  

Алғашқы сөз кезегін алған «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының маркетинг және жоспарлау жөніндегі орынбасары Нұржан Келбұғанов астық тасымалына қатысты ағымдық жағдайға шолу жасады. Оның айтуынша, 2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың маусымы аралығында астық тасымалына қатысты келесі статистика қалыптасқан: жалпы өсім 29%, экспорт 33%. Алайда, республика ішінде астық тасымалы алдыңғы маусымға қарағанда 14% немесе 300 мың тоннаға төмендеген. Бұған Ресейден келген импорттық тасымалдың өткен маусымға қарағанда 50% немесе 500 мыңға өсуі ықпал еткен. Ал тартылған астық өніміне келсек, аталған өнімнің жалпы тиелімі 28%-ке, экспорт 31%, ал республикаішілік қатынаста 20% -ке өскені байқалады.  

– Соңғы жылдары астық импортының көлемі артқаны байқалады. 2022 жылы тек қана теміржол көлігімен тасымалданған импорттық астық көлемі 1,5 млн тонна шамасын құрап отыр. Бұл жосықсыз жүк жөнелтушілердің «жасырын» жүк транзиттік схемаларын пайдалану арқылы қазақстандық экспорттық астықты ресейлік реэкспорттық астықпен алмастыру мүмкіндігін көрсетеді. Ал бұл фактор өз кезегінде, транзиттік тасымалдаудан түсетін ҚТЖ кірісінің жоғалуына әкеледі. Импорттық тасымал тенденциясы 2023 жылы да төмендемей отыр, мәселен, алты айдың қорытындысы бойынша импорт көрсеткіші былтырғыға қарағанда 38%-ға немесе 300 мың тоннаға артқанын көреміз, – деді Нұржан Келбұғанов.  

Қазақстандық астық пен тартылған өнімдердің негізгі нарықтары әдеттегідей, Орта Азия елдері, Ауғанстан, Иран, Қытай болып отыр. 2022-2023 жылдардың маусымында астық тасымалының Өзбекстанға 31%, Тәжікстанға 30%, Ауғанстанға 48%, Қытайға 4 есе өскені, алайда, Иранға тасымалдың 30% төмендегені байқалып отыр. Бұған аталған елге салынған санкциялық саясаттың әсерінен клиенттердің халықаралық валютада төлемақы жүргізу қабілетсіздігі себеп болған.

ТҮЙІСПЕЛЕРДЕ ТҮЙТКІЛ ЖОҚ  

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС өкілінің сөзіне қарағанда, астық және тартылған өнім тасымалы Сарыағаш мемлекетаралық түйіспе пункті (МАТП) бағытында артқан. Осыған орай, Өзбекстан темір жол әкімшілігімен Орталық Азия бағытында және одан әрі үшінші елдерге тасымалданатын жүк көлемінің артуы бойынша жұмыстар жүргізілген. Ағымдағы маусымда қабылданған ұйымдастырушылық жұмыстары мен Сарыағаш МАТП өткізу қабілетін ұлғайту бойынша техникалық шаралар нәтижесінде, аталған бағытта тастанды пойыздар саны 20 пойыздан аспаған, ал осыдан үш-төрт жыл бұрын тасымалдың қызған шағында бұл көрсеткіш 120 пойызға дейін жеткен. Бұл ретте Болашақ, Оазис, Ақтау порты сынды түйіспелерде жүктеменің төмендігі байқалып отыр.  

Ерекше атап өтерлік жайт, қытай темір жолдарымен үйлесімді жұмыс істеу нәтижесінде, ағымдық маусымда тасымалдаудың максималды көлемі 1,1 млн тоннаға жеткен. Жоғарыда айтып өткеніміздей, ағымдық маусымда алдыңғы маусымға қарағанда тасымал көлемі 4 есе өскен, соның ішінде контейнерлердегі тасымал жалпы көлемнің 78% құраған.  

Сонымен қатар ел Үкіметінің тапсырмасына сәйкес Қытайға бидайды астық тасығыштарда тасымалдау тәжірибесі ұйымдастырылды. Биылғы сәуір айынан бастап ҚТЖ Қытай тарапы белгілеген шарттарды және ҚХР қабылдамаған жағдайда қайтару үшін төлем кепілдігін сақтай отырып, астық таситын көліктерде және қаптарға оралған бидайды айына 30-дан аспайтын маршрутта (негізгі жоспарлар бойынша) жабық вагондармен тасымалдауды бастады.  – Қазақстан астық және ұн тарту өнімдерін өндіру бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі бола отырып, осы өнімдерді өндіру көлемін ұлғайту бағытында ұдайы алға жылжуда, алайда, оларды тасымалдау үшін шұғыл шешімін табуды қажет ететін бірқатар мәселелер бар. Осы ретте, астық жүктерін тасымалдаудың инфрақұрылымдық қуаты айына шамамен 1,5 млн. тоннаны құрайтынын (астық баламасында) атар едік. ҚТЖ компаниясы Сарыағаш арқылы тасымалға сұраныстың артып отырғанын ескере отырып, келесі шараларды қабылдауда. Мәселен, 2018 жылы Сарыағаштың өткізу қабілетін тәулігіне 18-ден 30 пойызға, яғни 12 пойызға дейін ұлғайту арқылы технологиялық процесі өзгертілді. Сондай-ақ, осы жылы Дарбаза – Мақтаарал тармағының құрылысы басталады, – дейді Нұржан Келбұғанов.  

Сонымен қатар ол астық өнімдерін өндірушілер тарапынан астық тиеуді ұлғайту үшін жүк тиеу қуаттылықтарын және кірме жолдардың инфрақұрылымын жаңартуға инвестиция салмай отырғанын, кеңестік кезеңде салынған кірме жолдар өткен ғасырдан бері жаңарып жаңғыртылмай, сол күйінде жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Оның айтуынша, елдегі барлық кәсіпорындардың тәуліктік техникалық өнімділігі 600 вагоннан аспаса, 90 элеватордың жеке локомотивтері жоқ және басым бөлігінде жеке вагон таразылары жоқ екен. Осы ретте, ол жүк жөнелтушілерді тасымалдау процесіне тартуды күшейту қажет деп пікір білдірді.  

ВАГОН ПАРКІ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?  

Елімізде астық тасығыштар мен жабық вагондар паркі 2015 жылдан бері 7720 вагоннан 10377 бірлікке дейін өскен болатын. Десек те, вагон иелері мен жүк жөнелтушілер арасындағы қарым-қатынас олардың арасындағы екіжақты келісімдермен реттелетінін, яғни вагондар паркін қамтамасыз ету толығымен аталған нарық субъектілерінің жауапкершілігінде екенін, ҚТЖ оларға әсер ете алмайтынын ескерген жөн.  

– Ертеректе, жүк жөнелтушілер тарапынан вагондардың жетіспеушілігіне қатысты шағымдар жиі түсетін. Қазір Қазақстанда орта есеппен 19 мыңға жуық вагон болса, оның ішінде ҚТТ-да 6 мыңнан астам вагон бар, бұл жалпы парктің 32% құрайды, сондай-ақ, ҚТТ паркі төмен бағаны ұсынғандықтан, олар үлкен сұранысқа ие. Дәл осындай жағдайды астық тасығыштардан да байқауға болады, олардың көрсеткіші басқаларымен салыстырғанда 50%-ға төмен, – дейді Нұржан Келбұғанов.

Бұдан шығатын қорытынды вагондар дефициті жоқ. Алайда, басқа мәселе бар. Айталық, тартылған өнімдерді тасымалдауға «бөтен» темір жол әкімшіліктерінің паркі белсенді қатысуда екен, бірақ, бос вагондарды станцияларға жөнелтуге және жүк жөнелтушілермен нақты жоспарланған тасымалдау көлеміне қатысты келісімшарттар жоқ, яғни вагондарды аяқ астынан жалға алу сияқты жағдайлардың белең алып отырғаны байқалуда.  

Осы ретте, Келбұғанов Қостанай станциясындағы мына жағдайды мысалға алды: жүк жөнелтушілермен вагон иелерінің келісімшарт жасасып болуын күткен вагондар станциялық жолдарда тұрып қалады, ал бұл өз кезегінде, станцияның инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін айтарлықтай төмендетіп, салдары станция қызметкерлері мен локомотивтерді тағы да жұмылдыруға әкеледі екен. Бұл проблемаға қатысты мемлекеттік қолдауды күшейту керек деп есептейді баяндамашы.

ТҮЙІН  

Астық тасымалына қатысты жетістіктермен қатар кедергілер туралы егжей-тегжейлі талдау жасалған жиында ҚТЖ-ның негізгі басымдықтарының бірі маршруттық тасымалдауды дамыту болып қала беретіні айтылды. Бұл вагон айналымын жеделдетуді, техникалық станцияларда вагондарды өңдеу көлемін, жүктерді жеткізу мерзімін қысқартуды қамтамасыз етеді. Отырысқа қатысушылар мемлекеттік органдардың, жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың, экспедиторлардың, вагон операторларының және тасымалдаушының жақсы үйлестірілген жұмысын атап өтті. Соның арқасында барлық мәселелер бірлесіп, жедел түрде шешілетініне сенім білдірді. Отырыс қорытындысы бойынша ҚТЖ элеваторларға жаңа егін өнімін қабылдап алу үшін астық көлемі тиелімін ұлғайтуды, тәулік бойы және мереке күндері де жүк тиеуді ұйымдастыруды ұсынды. Ал астық жөніндегі жедел штаб Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерінің төрағалығымен айына кемінде бір рет, ҚТЖ-да аптасына кемінде бір рет жиналатын болып уағдаласты.

 

Жолаушылар тасымалы
21.11.2024
№42 «Атырау-Алматы» жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылады
Жаңалықтар
21.11.2024
Құрық портының түбін тереңдету жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды
Спорт
21.11.2024
Теміржолшылар арасында спартакиада өтті
Жаңалықтар
21.11.2024
ҚТЖ жол диагностикасының инновациялық технологияларын енгізуде
Жаңалықтар
21.11.2024
ҚТЖ Еуропадағы терминалдық желіні кеңейтуде
Жолаушылар тасымалы
20.11.2024
Семейде қаламаңы тасымалында тиімді бағдарлар көбейеді
Жүк тасымалы
20.11.2024
Ақмола бөлімшесі 307 мың тоннадан астам астық тиеді
Жаңалықтар
20.11.2024
Қазақстан көлік-транзит дәліздерін ТМД + форматында дамытпақ
Әлемде
20.11.2024
Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан темір жол құрылысы бойынша келіссөздің соңғы сатысы жүріп жатыр
Жаңалықтар
20.11.2024
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей көлік министрлері кездесті
Жаңалықтар
19.11.2024
Ақмола теміржолшылары республикалық ІТ-семинардың жеңімпазы атанды
Инфрақұрылым
19.11.2024
Премьер-Министр жоспарланған теміржол желісін салуды уақытылы аяқтауды тапсырды
Жаңалықтар
19.11.2024
Пойызда ішімдік ішкен Қырғызстанның екі азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Спорт
19.11.2024
Теміржолшы пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионы атанды
Спорт
19.11.2024
Бейнеу станциясында ұлттық спорт ойындарынан жарыс өтті
Жолаушылар тасымалы
19.11.2024
Тасымал талабы қандай?
Аймақтар
19.11.2024
«Білім экспресі» – Арыста
Инфрақұрылым / Апта саны
19.11.2024
Биыл 570 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
19.11.2024
Үздік өрт сөндіру пойызы
Жаңалықтар / Мұрағат
19.11.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №98 19 қараша 2024 жыл