Семейде жүк айналымы артты

Жүк тасымалы
21.08.2023, 11:36
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Шығыстағы Семей ЖТ бөлімшесі бойынша екінші жартыжылдықта жүк айналымының күрт артуы байқалады. Тасымалданатын тауарлар арасында көмір, құрылыс материалдары мен астықтың үлесі зор. Сонымен қатар соңғы айларға жасалған сараптама контейнерлік тасымал түрінің де біршама жоғарылағанын көрсетіп отыр.

Мәселен, соңғы бір аптаның ішінде бөлімше бойынша жалпы көлемі 336 020 тонна жүк діттеген жеріне жеткізілген. Оның ішінде Дегелең станциясынан тиелінетін көмір алдыңғы орында тұр. Қатты отынның да сұраныстың артуына сай көлемі артып, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда анағұрлым жоғарылапты.

Сол тәрізді бөлімше бойынша тиелетін түсті металл мен цемент, металлоломның да салмағы айтарлықтай өсіп отыр. Ал жаңадан қосылған маусымдық жүктер арасында астықтың үлесі жоғары. Жалпы көлемі 4 607 тонна ақ бидай вагондар арқылы аймақтың әр түкпіріне жол тартыпты.  

Бөлімшенің өндірістік-техникалық бөлімінің мамандары бұл көрсеткішті жоғары бағалап отыр. Оның себебі – қазіргі таңда бөлімше көлемінде жазғы жол жөндеу жұмыстары қарқын алып, толаскездер жиі орын алуда. Ал жергілікті жүктердің айналымы осының барлығына қарамастан кедергісіз орын алуда. Пойыздарды көршілес бөлімшелерге беру, қабылдап алу ісінде де іркіліс жоқ. Сол тәрізді кестеден кешікпеу жолаушылар пойыздарына да тән жағдай. Бұл орайда өткен апта ішінде 14 084 адам әр бағытқа жол тартыпты.

– Жазғы қозғалыс барысын ұйымдастыру өзіндік тың талап-ережелерді қажет етеді. Тораптық станциялардағы пойыздарды құрастыру мен сұрыптау процестерін реттеу, жөнелту тәртібін қайта қарастырып, жаңа бағыттар қосу – қосымша күшті те талап етеді. Сонымен қатар аталмыш шаралар аясында логистика саласы мамандары үшін тасымалданатын жүктердің аман сақталуы да маңызды тақырыпқа жатады. Бұл орайда бірінші жартыжылдық қорытындысына арналған селекторлық жиын барысында атап айтылғандай, соңғы айларда жетістік көп. Оның барлығы әлбетте атқарылып жатқан жұмыстардың басшылық назарында ұсталынып, ұйымдастыру шараларының дұрыс бағытта жүргізіліп жатқандығы себепті орын алып отыр, – дейді осы ретте пікір білдірген бөлімшенің өндірістік-техникалық бөлімінің мамандары.  

Дегенмен семейлік қозғалысшылар үшін сыналар шақ алда. Енді санаулы күндерден соң, яғни қыркүйек айының басталуымен бөлімше көлемінде Дегелең станциясынан көмір тасымалдау ісіне айтарлықтай деңгейде басымдық берілетін болады. Оған «Қаражыра» АҚ мен деңгейлік әкімдіктердің арнайы меморандумға отыруы себеп. Семейдегі «Теплокоммунэнерго» ЖШС-ның өзі аймақтағы ең ірі тапсырыс берушіге жатады. Ал осынау жұмыстар аясында екі жақтың да теміржолшыларға жиі кінә артып, «вагон жетпей жатыр» дегенді желеу ететіні белгілі. Сондықтан да, бөлімше көлеміндегі жүк айналымын реттеу ісі қайта қарастырылып, қажетті жағдайда қосымша шаралар қабылданатын болады. Яғни семейлік қозғалысшылар мен логистика саласының мамандарына тағы да күш салуға тура келетіні анық жайт.

Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды