Жарты жылда 18,3 млн тонна көмір экспортталған

Жүк тасымалы
25.08.2023, 10:02

Жылыту маусымының басталуына да көп уақыт қалған жоқ. Қыс ерте түсетін солтүстік өңірлерде күздің екінші айында-ақ жылу беру басталады. Сондықтан ел ішінде көмір жеткізу жұмысы жанданған.

Көмір тасымалының негізгі бөлігі – Қазақстан темір жолының үлесінде. Ол ҚТЖ желісі бойынша тасымалдаудың жалпы көлемінің 40%-ын құрайды. 2023 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша ел ішінде теміржол көлігімен 145,9 млн тонна жүк тасымалданды. Оның ішінде 60 млн тоннадан астамы тас көмір. Қазақстандықтар үшін 41,7 млн тонна көмір жеткізілсе, экспортқа – 18,3 млн тонна жөнелтілген.  

ҚТЖ көмір өндіруші компаниялармен белсенді өзара іс-қимыл жасап, вагондар айналымын қысқартуға және тұрғындар мен ЖЭО-ға кепілдендірілген қатты отынмен қамтамасыз етуге бағытталған сервистер мен қызметтерді ұсынады.  

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШСде көмірді үздіксіз және біркелкі тасымалдауды қамтамасыз етудің Жол картасы іске асырылуда. Құжатқа тасымалдарды маршруттау, вагон және локомотив парктерін дайындау жөніндегі іс-шаралар енгізілген.  

ҚТЖ-да қатты отын тасымалдарын үйлестіру жөніндегі жедел штаб және өңірлік мониторингтік топтар белсенді жұмыс істеуде. Станцияда, темір жол бөлімшелерінде көмірдің түсуіне, көмір қоймаларында қатты отынның болуына тәуліктік мониторинг жүргізіледі.  

Бос және тиелген көмір маршруттарын диспетчерлік бақылау ұйымдастырылса, бұл вагондар паркін барынша тиімді пайдалануға, инфрақұрылымның өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.  

Күзгі-қысқы кезеңде көмір тасымалдауға «Қазтеміртранс» АҚның 22 мыңға жуық жартылай вагондарын тарту жоспарлануда, бұл өткен жылыту маусымына қарағанда 2 мың вагонға артық.

Лаура Талғатқызы

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады