Теңіз порттары арқылы тасымалданатын жүк айналымы артты

Жүк тасымалы
05.09.2023, 10:33
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биылғы жылғы қаңтар-тамыз аралығында Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы тасымалданатын жүк айналымының өсімі 12% құраған. Айта кетерлігі, Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша өсім 80 пайызға жетіп отыр.

Оның ішінде мұнайды ауыстырып тиеу бойынша ең жоғары өсім – 53%, сондай-ақ пароммен тасымалдау – 12%. Биыл қыркүйек айында Abu Dhabi Ports Group қатысуымен қазақстандық Semurg Invest компаниясы салған Құрық портындағы жаңа терминалдан астықтың бірінші партиясын жөнелту жоспарланып отыр.  

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру мақсатында 2023 жылдың ақпан айынан бастап Ақтау теңіз сауда порты және оған жататын «Баутино» жүк ауданы, «Құрық портының аумақтары «Ақтау теңіз порты» АЭА құрамына енгізілген. Оның аясында порттардың инфрақұрылымын дамыту шараларымен қатар экономикалық аймақта 2025 жылдың соңына дейін контейнерлік хаб құру көзделген. Порттардың экономикалық аймаққа қосылуы өңірге елеулі әлеуметтік-экономикалық әсер етеді және облысқа инвестициялар тарту үшін қолайлы алаңға айналдырып қана қоймай, ірі халықаралық көлік дәліздерінің бірі болуына үлес қосады. Сонымен қатар порттарға әлемнің үздік логистикалық компанияларымен жұмыс істеуге жол ашады.  

Ақтау теңіз порты – құрғақ жүктер, мұнай және шикі мұнай өнімдерін шығыстан батысқа, солтүстіктен оңтүстікке, сондай-ақ Әзірбайжан, Иран, Түркіменстан, Ресей елдеріне жүк тасымалдайтын айлақ. Ақтау портында жылдық қуаты 12 млн тонналық 6 мұнай айлағы жұмыс істейді. Ақтау портының тасымалдау үлесі Каспий теңізіндегі жалпы тасымал көлемінің 40%-ын құрайды. Қазіргі таңда Қазақстан Ақтау порты арқылы халықаралық көлік дәліздерінің түйініне айналған.  

Құрық портында 4 айлақ жұмыс істейді. Оның екеуі темір жол арқылы келген жүктерді паромға тиеуге арналса, қалған екеуінен көліктер түсіріледі. Порттың қызметін дамытып, жүк тасымалын одан әрі арттыру үшін тағы бір айлақ салу жұмыстары жүргізілуде. Ол арқылы салмағы ауыр жүктер мен контейнерлер тасымалданбақ. Сондай-ақ 2024 жылдан бастап қазақстандық паромдарды қабылдау жоспары бар. Бұл өз кезегінде Ресей және Иранның екі портымен жаңа маршруттардың ашылуына түрткі болмақ. Қазіргі геосаяси жағдайға байланысты Құрық портында жүк тасымалы артқан. 2023 жылдың басынан бері мұнда 550 мың тоннадан астам жүк тасымалданған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп.

 

Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес