Елорданың көмір тұйықтарында көмір қоры құрылды

Жүк тасымалы
01.11.2023, 11:30
Сара Сахынбек

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС мониторингтік тобы елорда тұрғындары үшін көмір түсірілетін кірме жолдарға барды. Тұрғындарға қатты отынды өткізу орындарындағы жағдай тұрақты. Қала тұрғындары суық ауа райын күтпестен көмірді алдын ала сатып ала бастады.

Кірме жол қоймасының меңгерушісі Ерлан Қашкеновтың айтуынша, көмір қоры жеткілікті, тапшылық пен қатты дүрбелең жоқ, вагондарды беру және әкету уақтылы жүргізіледі. Күніне 130 дейін көмір тиелген автомобиль шығарылады. Тұйықта халық арасында сұранысқа ие шұбаркөлдік және майкүбілік сияқты көмір сорттары болды. Шұбаркөл маркалы көмірдің құны – тоннасына 15 300 теңге, Майкүбі – тоннасына 13 800 теңге. Қатты отын күнделікті жеткізіледі.

Жылыту маусымына дайындық басталғаннан бері – ағымдағы жылдың 1 мамырынан 31 қазанына дейін Астана тұрғындарына 320 мың тонна көмір жеткізілді, бұл жоспардан 31% жоғары. Қатты отынмен 4,6 мыңнан астам вагон келіп түсті.

ҚТЖ еліміздің барлық өңірлерінде көмір қорларымен қамтамасыз етуге мониторинг жүргізеді. Барлық деректер бірыңғай интерактивті базаға түседі, онда кірме жолдардың техникалық сипаттамалары, түсіру қуаттары, ЖЭО қоймаларында көмірдің болуы, жұмыс режимі және көмір кесінділерін тиеу жоспарлары бойынша ақпарат жиналады және ретке келтіріледі.

Барлық көмір позицияларын тиеу жоспарларын орындау үздіксіз күшейтілген режимде жүргізіледі. Берілген өтінімдерге сәйкес жүк жөнелтушілерді жылжымалы құраммен уақтылы қамтамасыз ету бойынша барлық мүмкін шаралар қабылдануда. Көмір тасымалдауға КТТ паркінің 19,7 мыңға жуық жартылай вагондары тартылды.

2023 жылғы 1 мамырдан 31 қазанға дейінгі кезеңде республика бойынша темір жол көлігімен 35 млн тонна тас көмір тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 237 мың тоннаға артық. ЖЭО қоймаларына 30,5 млн тонна көмір жеткізілді, өсім 876 мың тонна. Тұрғындар үшін 4,5 млн тонна қатты отын тасымалданды.

Жүк жөнелтушілермен барлық мәселелер жұмыс тәртібімен жедел шешілуде.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл