ТХКБ: биылғы меже – 4 млн тонна

Жүк тасымалы
30.01.2024, 10:06
Оқуға 3 мин
Сурет railways.kz сайтынан
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Түркия астанасы Анкарада «Транскаспий халықаралық көлік бағдары» Халықаралық қауымдастығы жұмыс тобының және Жалпы жиын отырыстары өтті. Жалпы жиын отырысында 25 қатысушының, әртүрлі елдерден келген көлік және логистика саласындағы ірі халықаралық және өңірлік ұйымдардың шешімімен бірауыздан «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы үш жылға «ТХКБ» ХҚ басқарма төрағасы болып қайта сайланды.

Сондай-ақ қаржы институттарының (ЕҚДБ, Дүниежүзілік банк), DTC Global жаһандық мультимодальды цифрлық платформасының, Қазақстан мен Түркия жүк жөнелтушілерінің қатысуымен «ТХКБ: трендтер, сын-тегеуріндер мен перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда 2024 жылға арналған жоспарлар мен тарифтер бекітіліп, қызметті жандандыру жөніндегі әрі қарайғы қадамдар және бағдарларды кеңейту перспективалары талқыланды. 

2023 жылы ТХКБ бағыты бойынша 2,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 86% артық. 2024 жылға арналған перспективалық жоспар шамамен 4 млн тоннаны құрайды деп күтілуде. Жалпы ҚТЖ компаниясы ТХКБ дамуына ерекше мән беріп, оның дамуымен байланысты кез келген бастаманы қолдауда. Бұл бастамаларды үш бағытқа бөлуге болады. Біріншісі – бұл қатысушы теміржол әкімшіліктерімен ынтымақтастық. Екіншісі – инфрақұрылымды дамыту. Үшіншісі – шетелдік серіктестермен ынтымақтастық. 

Бірінші бағыт бойынша өзара белсенді іс-қимыл Әзірбайжан мен Грузияның теміржол әкімшіліктерімен бірлесіп ҚТЖ құрған ТХКБ қауымдастығы шеңберінде жүзеге асырылады. Қауымдастықтың жұмыс кездесулерінде бағдарды дамыту мәселелері талқыланып, жыл сайынғы тарифтік шарттар белгіленіп, тарифтерді есептеу және контейнерлерді орналастыру туралы ақпарат алмасу үшін цифрлық платформа құру жайы пысықталады. Сонымен қатар Халықаралық Транскаспий Көлік Консорциумы құрылғанын айтар едім. Консорциум логистикалық өнімдерді әзірлеумен, клиенттерді іздеумен, жүк ағындарын тартумен, шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты жолға қоюмен айналысады, ал тасымалдарды тәулік сайын бақылау бірыңғай виртуалды диспетчерлік орталық арқылы жүзеге асырылады. 

Екінші бағыт – инфрақұрылымды дамыту. Осы арада ТХКБ-ның негізгі буындары Каспий теңізіне шығатын Ақтау және Құрық порттары болып табылады. Қазіргі уақытта Каспий теңізінің таяздана бастағаны байқалуда. Сондықтан кемелерді тасымалдау мен өңдеуді қамтамасыз ету үшін және порттарға қолжетімділікті жақсарту үшін түбін тереңдету жұмыстары кешенді жүргізілуде. Сондай-ақ Құрық портында астық терминалын салу және бес қосымша айлақ салу жоспарланған. Осы іс-шараларды жүзеге асыру порттардың өткізу қабілетін 27,3 млн тоннаға дейін ұлғайтуға және контейнер ағынының 2025 жылға қарай 40 мыңнан 300 мың ЖФЭ-ге дейін өсіруге мүмкіндік береді. Бұл порттарға қатысты, ТХКБ-ға қатысты инфрақұрылымды дамыту бойынша құрлықта да ауқымды жұмыстар жүзеге асырылып жатқаны жиі жазылуда. 

Үшінші бағыт – халықаралық ынтымақтастық. Мемлекет басшысының Қазақстан нарығына контейнерлік порт терминалдарының ірі әлемдік операторларының бірі – сингапурлық PSA International компаниясын тарту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ҚТЖ компаниясы аталған компаниямен бірлескен кәсіпорын құрды. Бұл ынтымақтастық PSA тәжірибесі мен технологияларына қол жеткізуді қамтамасыз етумен қатар, тасымалдау географиясын кеңейтіп, қазақстандық көлік дәліздерін әлемдік хабтармен біріктіреді. Бұл кәсіпорынның басты мақсаты транзиттік жүк тасымалының өсуіне ықпал ететін ТХКБ-ның дамуына жәрдемдесу. 

Әлемде
19.10.2026
Ресейде push-pull технологиясымен жүретін алғашқы қала маңы пойызы іске қосылады
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде