Орта дәліздің келешегі талқыланды

Жүк тасымалы
25.11.2025, 09:57
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Транскаспий халықаралық көлік бағдарының тартымдылығы Қазақстан темір жолының мүмкіндігін жаңа деңгейге көтеріп отыр. 2025 жылдың өткен 10 айында ТХКБ бойынша теміржол көлігімен тасымал көлемі 2,6 млн тоннаны құрап, ондағы қазақстандық жүктердің экспорттық үлесі 74 пайызға жеткен.

Бұл аталған бағдарға халықаралық деңгейде қызығушылықты арттыра түскен. Жуырда ҚТЖ-да өткен Эстония делегациясымен кездесуде екі ел арасындағы теміржол тасымалының қазіргі жай-күйі, өзара іс-қимыл және Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту мәселелері талқыланды.  

Осы жылдың 10 айында Қазақстан мен Эстония арасындағы теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 264,1 мың тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 61,4%-ға жоғары. Кездесуде тараптар Орта дәліз Қазақстан арқылы транзиттің стратегиялық маңызды бағытына айналатынын атап өтті. Қытайдан Еуропаға жүктерді жеткізу уақыты 15-18 күнді құрайды, бұл теңіз жолынан екі есе жылдам.  

ҚТЖ сервисінің сапасын арттыру үшін PSA International компаниясымен бірлесіп транзиттік декларациялаудың ашықтығын, Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша жүктерді қадағалауды және бірыңғай цифрлық құжат айналымын қамтамасыз ететін мультимодальды тасымалдардың цифрлық дәлізі енгізілді. Қазақстан аумағында теміржол операторы, экспедитор және кеден органдары арасындағы цифрлық процестердің интеграциясы аяқталды, бұл жүктердің өтуін жеделдетуге мүмкіндік береді.  

ҚТЖ тұрақты тарифтерді, жеткізудің оңтайландырылған мерзімдерін және клиентке бағдарланған сервисті ұсына отырып, клиенттер үшін маршруттың тартымдылығын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда. Орта мерзімді перспективада компания орта дәліз бойынша жүк ағынын 10 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты