Маңғыстау теміржолымен биыл 2,4 млн тонна жүк өткен

Жүк тасымалы
03.06.2024, 11:55
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жыл басынан бері Маңғыстау теміржолында жүк тасымалы көрсеткіші айтарлықтай өскен. Төрт айда түбек теміржолымен 2 млн 420 мың тонна жүк өткен, нәтижесінде жүк айналымы 106,8 пайызға орындалған. Атап өтерлігі,  ТХКБ (ТМТМ) маршрутымен контейнерлік тасымалдау былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 86 пайызға көп.    

Жүк тиеу бағытында мұнай өнімдерін, қара металл сынықтарын, құрылыс жүгі мен химикат және сода жөнелтілімі анағұрлым артқан. Өткен қыс мезгілінің қолайсыз келіп, ауа райының құбылмалы болуы жылдың басында жергілікті құрылыс жүктеріне деген сұранысты төмендетіп, жүк тиеу көрсеткішін азайтқанымен, жалпы тасымалдау процесі қарқынды жүріп, жоспар артығымен орындалған.  

Мәселен жүк тиеу бойынша күніне орташа есеппен 97 вагон тиелу керек болса, ол 104 вагонға жеткізіліп, төрт айда 726 мың 500 тонна жүк жөнелтілген. Бұл жоспардағыдан 58 мың 500 тоннаға көп. Жүк тиеуге қатысты тағы бір жағымды көрсеткіш – ел ішіндегі жүк айналымының артуы.  Өткен төрт айда Маңғыстаудан тиелген 11 690 вагонның 82,3 пайызы еліміздің өзге аймақтарына бағытталған екен. Тек қалған 18 пайыздайы ғана шетелге жөнелтілген.  

Жүк түсіру бағытында да ілгерілеушілік байқалады. Тәулігіне жоспардағы 192 вагонның орнына 218 вагон түсіріліп, жоспар 113,5 пайызға орындалған.  

– Өңірдегі жүк тасымалы үдерісі қарқынды жүріп жатыр. Былтырғыға қарағанда ТМТМ бағдарымен су көлігі арқылы контейнерлік тасымалдау да көбейді. Өткен жылғы төрт айда бұл бағытта 13 кеме жіберілген еді, қазіргі салыстырмалы мерзімде 29 кеме жіберіп отырмыз. Онымен 7133 контейнер жөнелтілді. Жылдың басынан мамырдың 25-не дейін бұл көрсеткіш тағы да ұлғайып, 9883 контейнерге жетті. «Алтынкөл» бағыты да бізге келіп жатқандықтан жүк жөнелтілімі күн сайын жоғарылауда. Сонымен қатар қазірде жергілікті жүктер де бұл қатарды толықтырып отыр. Ақтау портынан «КазАзот» зауыты жаңа бағыт ашып, аммиак селитрасын шығаруда. Селитраны кемелерге бигбек қапшықпен тиеп жібереді. Осы жылдың ақпан айында бірінші кемесін жөнелтті. Жылдың аяғына дейін осындай 16 кеме жібереміз деп отыр. Сол бағыт бойынша Құрық порты арқылы вагонмен 200 вагон немесе 13 250 тонна жөнелтуге жоспар алған болатын. Соның 127 вагоны Құрық портынан паром арқылы ТМТМ маршрутымен жіберілді.  Оған қоса былтыр қыркүйектен бастап жұмысқа кіріскен портқа дейінгі станция арқылы өткен жүктер көлемі де жоғарылап келеді. Станция ашылғалы 439 жабық вагон түсірдік. Бұл жерден былтыр ашылған күннен бастап жыл соңына дейін 26 мың тонна жүк жіберілді. Ал осы төрт айда ол едәуір өсті, 31 мың 688 тоннаға жетті. Мамырдың 27 күні ішінде  бұл бағытта 3762 мың тонна жүк түсірілді.  Құрық порттың да ауыстырып тиеуі артты. Өткен жылы мамыр айына дейін осы бағытпен 203 кеме жөнелтсек, биыл бұл мерзімде 225 кеме немесе былтырғыдан 13 мың тонна жүк артығымен кетті, – дейді аймақ тасымалы туралы жан-жақты ақпар берген Маңғыстау қосалқы бөлімінің логистика басшысы Айбек Өтеков.

Айтуынша, Болашақ арқылы Түркіменстанмен пойыз алмасуда да көрсеткіш жаман емес. Тәулігіне орта есеппен екі пойыз тапсырып, екеуі қабылданатын бұл бағытта осы жылғы төрт ай ішінде 110 мың 823 тонна жүк қабылданған. Түркіменстанға қарай 175 пойыз-431 мың тонна жүк жөнелтілген.  

Жалпы түбек теміржолына жүк пойыздары төрт түйіспе бойынша: Тассай – Ақтөбе, Құлсары – Атырау, Болашақ – Түркіменстан, Қарақалпақия – Орта Азия бағытынан келеді. Биыл осы аталған бағыттардан Маңғыстауға 715 пойыз қабылданып, 594 пойыз тапсырылыпты.  

Логистика маманы  Айбек Өтеков Маңғыстау теміржолының жүк айналымында жоғары көрсеткіштерге жетуінің бірнеше факторы бар дейді. Ең алдымен компанияның және жерілікті теміржол басшылығының қолдауымен клиенттерге жасалып отырған қолайлы мүмкіндіктер. Мәселен, өткен жылдан бері бөлімшеде диспетчерлік аппарат қайта ашылды. Сондай-ақ жалпы клиенттерге арналған колл-орталық жұмыс істеп тұр. Теміржол қызметін тұтынушылар кез келген сұрақпен күніне 24/7 сағат бойына екі телефон нөміріне хабарласып, ақпарат ала алады. Сонымен қатар Қазтеміртранстың вагондарын қолданушылар үшін арнайы жеңілдіктер берілуде. Өңірге жеткізіліп жатқан жем-шөптер үшін де проценттік коэффициенттер төмендетілген.  

 – Клиенттер «Қазтеміртранстың» вагонын алса, оған арнайы мүмкіндіктер қарастырылғаны ескертіледі. Бұл олар үшін өте қолайлы. Себебі бұрын жүктерін уақытылы түсіре алмай, тупикте тұрып қалса, артық кеткен уақытына ақы төленетін. Енді оларға екі тәуліктік жеңілдік беріледі. Осы мекеменің вагондарымен өзіміздің Бейнеу, Маңғыстау сияқты станцияларға жүк келіп жатса, оларға да екі тәуліктік жеңілдік бар. Сол уақыт ішінде жүкті түсіріп, вагонды босатып берсе, ешқандай айыппұл төлемейді, – дейді логистика бөлімі басшысы.  

 

Аймақтар
17.07.2026
Жақсы теміржол вокзалын жаңарту жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
17.07.2026
Жаздың басынан бастап ҚТЖ теміржолдағы қауіпсіздік бойынша республикалық акциялар өткізуде
Жаңалықтар
17.07.2026
«Қазтеміртранс» АҚ 2032 жылға дейін 13 мың жүк вагонын сатып алады
Аймақтар
17.07.2026
Семей магистральдық желі бөлімшесі жартыжылдықты табысты қорытындылады
Аймақтар
17.07.2026
Сексеуіл теміржол торабында жүк тиеу жоспары асыра орындалды
Аймақтар
17.07.2026
Ганюшкинодағы жаңа вокзал қызметкерлерін Атырау телімінің басшылығы құттықтады
Жаңалықтар
17.07.2026
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ұжымына жаңа Конституцияның ережелері түсіндірілді
ҚТЖ келбеті
17.07.2026
Дарақ бір жерден көгереді
Қауіпсіздік
17.07.2026
Ақтөбе станциясында күйдіргіге қарсы оқу-жаттығу өтті
Спорт
17.07.2026
Аядай бекеттегі Азия чемпионы
Жаңалықтар / Мұрағат
17.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №54 17 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
16.07.2026
Магистральдық желі дирекциясының басшылары Арқалықта жұмыс сапарымен болды
Жаңалықтар
16.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойыздары Ақмола және Павлодар облыстарындағы дала өрттерін сөндіруге қатысты
Аймақтар
16.07.2026
Еңбек процесін оңтайландырған жоба
Жолаушылар тасымалы
16.07.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» бағыты бойынша жолаушылар пойызын іске қосады
Жүк тасымалы
16.07.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі 9%-ға артты
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ басшылығы Шанхайда бірқатар екіжақты кездесу өткізді
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ Шанхайда қытайлық серіктестермен бірқатар келісімдерге қол қойды
Әлемде
15.07.2026
Үндістан теміржолы жүк тасымалын жеңілдетуде
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ теміржол желісінің 1 056 шақырымында цифрлық автобұғаттау жүйесін енгізді