Атырауда жарты жылда 7 млн тоннаға жуық жүк тиелген

Жүк тасымалы
13.08.2024, 09:48
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Көліктік логистика жүйесін дамыту арқылы мол табысқа кенелуге болатыны әлемдік тәжірибеден белгілі. Теміржол саласы бұл бағытта жаңаша жұмыс жасау тәсіліне көшкен. Соның ішінде Атырау ЖТ бөлімшесі логистика бағытында өнімді жұмыс жасап келеді.

2024 жылдың 6 айының қорытындысымен бөлімшеде тиелген жүк көлемі 6 млн 900 мың тоннаны құрап, жоспар 113,4 пайыз болып межеден асып түсті. Ал былтырғы 2023 жыл жоспарға сәйкес, жүк тиеу 6 айда 850 мың тоннаға артығымен болып, 114,1% орындалды. 4 аралық учаскесі бар, олар: Атырау-Қиғаш, Атырау-Мақат, Мақат-Сағыз, Мақат-Құлсары. Сонымен қатар 48 кластық станциялар мен бекеттері бар, соның ішінде 18 станция – жүк тиеуге және жүк түсіруге арналған станциялар.  

Биылғы жарты жылда бөлімше бойынша жалпы тасымалда барлығы 123 799 вагон пайдаланылған болса, оның 979-сі «КТТ» АҚ, 122 820 вагон өзге меншік иелері мен жалға алушылардікі. Аталған мерзімде 123 799 вагон жүк тиелген, оның ішінде экспортқа 75 097 вагон, 3-ші елдерге 65 773, ТМД елдеріне 9 224, ҚР – 48 702 вагон жүк тиелген. Кейбір жүк жөнелтушілердің тиеуге берген вагондарды игере алмағандығынан және төлемқабілетсіздігінен 66 млн 561 мың 196 теңге айыппұл салынған.  

Жүк тиеу бағытында техникалық жоспар мынадай жүктермен орындалған: мұнай өнімдері – 114,9%, өнеркәсіптік шикізат – 170,9%, металл сынықтары – 1462,8%, құрылыс жүктері – 224,4%, металл өнімдері – 141,8%. Байқағанымыздай, өңірде жүк тиеу көлемі жоспардан әлдеқайда артып тұр. Жүк түсіру көлемі де одан кем емес. Мысалы, тәуліктік 247 вагон орнына 265 вагон болып, жоспар 107,3 пайызға жетті. Жергілікті вагон айналымы да жаман емес, 104,7%. Расында бүгінде бөлімшеде жүк операциялары үшін ашық 18 станция болса, олардың бәрінде логистикамен айналысатын мамандар бар. Мамандар жергілікті жерде, станция басында барлық құжаттарыңызды рәсімдеп береді. Бұл жұмыстардың біртіндеп электронды түрге көшуі және мамандардың жаңаша көзқарасы тасымал тасқынын артуға сәл де болса себепші екені анық. Екі жағдайда да уақыт үнемдуге көп маңыз беріледі.  

Атырау өңірі – өндірісті аймақ. Бірнеше индустриалды-инновациялық жобалар жүзеге асырылып отыр, олардың көліктік логистиканы дамытуға әсері зор. Сонымен қатар алдағы уақытта бөлімше бойынша жүк тасымалы артады деген үміт бар. Өйткені жүк жөнелтушілер 2025 жылы Қарабатан станциясына 2,5 млн полиэтилен, бутадиен сынды жүк жөнелтуді, сондай-ақ Ескене станциясынан 1,5 млн тонна газ жөнелтуді жоспарлап отыр, – дейді Атырау жүк тасы малы бөлімшесі директорының логистика жөніндегі орынбасары Бекәділ Сауров.  

Міне, бөлімшенің 6 айдағы логистика саласындағы көрсеткіштері осындай межеден көрініп отыр. Атырау жүк тасымалы бөлімшесі көліктік логистика жүйесін одан әрі дамытып, жүк тасымалы көлемін арттыру, көлік қызметін пайдаланушылармен тиімді қарым-қатынас жасауды жақсартуға барынша күш салынуда. Өңірде өнікті еңбек етіп, қазақ мұнайын еселеп өндіріп-өңдеп жатқан «Теңізшевройл», «Атырау мұнай өңдеу зауыты» сынды ірі кәсіпорындармен қатар «КеденТрансСервис», «ҚазТемірТранс», «ҚазТрансСервис», т.б компаниялармен әріптестік байланысты нығайта түскен.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті