Қазақстан Транскаспий бағыты арқылы ұн экспортын арттыруда

Жүк тасымалы
23.06.2025, 09:08
Қазақстан теміржолшысы

Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы ұн экспортын арттыру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Оның айтуынша, Таяу Шығыс пен Африка нарықтарына шығу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Осы мақсатта Транскаспий халықаралық көлік бағыты пайдаланылады, әрі қарай жүк Иранға, Таяу Шығыс елдеріне (БАӘ, Сауд Арабиясы, Кувейт, Оман және т.б.), Грузияға және одан әрі Еуропаға жөнелтіледі.

«Қазақстан аумағындағы ТХКБ бойынша Digital Trade Corridor мультимодальды цифрлық платформасы жұмыс істейді. 2024 жылы Әзербайжан мен Грузия темір жолдарының IT-жүйелерімен біріктіру аяқталды, Түркия темір жолдарымен біріктіру жалғасуда. Бұл жүк жеткізу мерзімін 25 күннен 13 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік берді. 2027 жылға дейін аталған дәліздің өткізу қабілетін жылына 6 млн тоннадан 10 млн тоннаға дейін арттыру жоспарлануда», – деді Серік Жұманғарин мәжіліс депутаттарының сауалына жауап бере отырып.

Мәліметке сәйкес, ұн өндіру саласында жалпы өндірістік қуаттылығы жылына шамамен 9 млн тонна болатын 270-ке жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Жыл сайын 3 млн тоннадан астам ұн өндіріледі, бұл ішкі қажеттіліктен екі есе көп және тұрақты экспорттық жеткізілімдер қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Экспорттық әлеуетті дамыту бөлігінде, ұн экспорттаушы алдыңғы қатарлы елдердің халықаралық тәжірибесін ескере отырып, отандық кәсіпорындарға өнімді шетел нарығына ілгерілетуге бағытталған қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары көрсетіледі.

Сонымен қатар, экспорттық жеткізілім кезінде кеткен көлік шығындарын өтеу тетігі де жұмыс істейді.

Контейнерлік тасымалдар дамып жатыр. 2025–2029 жылдарға арналған контейнерлеу және контейнерлік тасымалдарды дамытудың кешенді жоспары әзірленді. Бұл жоспар жаңа тарифтік прейскурант енгізуді, экспорттық бағыттар үшін жеңілдіктер мен субсидиялар жүйесін, жеке инвестицияларды тарту арқылы логистикалық инфрақұрылымды дамытуды, контейнер ағындарын басқаруды цифрландыруды, кедендік рәсімдерді жеңілдетуді және нормативтік базаны жетілдіруді қамтиды.

Бүгінде Қазақстан ұнын негізгі сату нарықтары – Орталық Азия елдері, Ауғанстан және Ресей.

Аталған бағыттар бойынша жыл сайынғы экспорт көлемі шамамен 2 млн тоннаны құрайды. 2024 жылы Қытайға жемдік ұн экспорты 5,8 есе артып, 1,2 млн тоннаны құраған.

 

Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл