Қазақ транзитінің жаңа дәуірі басталды – сарапшы

Жүк тасымалы
14.07.2025, 10:03
Қазақстан теміржолшысы

Қытай-Ақтау теміржолы арқылы Қазақстан күн сайын 1 миллион тоннаға дейін жүк өткізе алады. Бұл туралы экономист Айбар Олжай айтты,  деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қытай өз тауар ағындарын Ресейдің солтүстігі арқылы емес, Орта дәліз бағытына толықтай бұрды. Бұл – халықаралық логистика картасындағы ауқымды өзгеріс, ал оның басты бенефициары – Қазақстан. Экономисттің айтуынша, бұл тек көлік логистикасы ғана емес, бүкіл геосаяси және экономикалық тепе-теңдікті өзгертуі мүмкін тарихи сәт.

«Абу-Дабиде өткен маңызды кездесуде Түркия, Әзірбайжан және Армения басшылары Зангезур дәлізіне қатысты мәселелерді пысықтап, Орта дәліздің толық іске қосылуына жол ашты. Осы арқылы Қытайдың батыс қақпасы енді Ресей емес, Түркия болатыны белгілі болды. Яғни, Қытай тауарлары Еуропаға енді Ресейдің Балтық порттары емес, Каспий арқылы – Қазақстан, Әзірбайжан және Түркия бағытында жетеді», - дейді сарапшы.

Оның айтуынша, бұл бағыттың ең ұзын және негізгі бөлігі – Қазақстан аумағынан өтеді. Қытаймен шекарадағы Қорғастан басталып, Каспий теңізіндегі Ақтауға дейінгі теміржол желісі – Орта дәліздің жүрегі. Алайда қазіргі инфрақұрылым мұндай ауқымды ағынға дайын емес. Дәл осы тұста, Алматыда өткен жедел инвестициялық форумда Макао инвестициялық тобы жаңа Қорғас–Ақтау теміржолын салуға дайын екенін мәлімдеген. Бұл жаңалықты экономист «сенсациялық мәлімдеме» деп бағалап отыр.

Ма Сяньлин мен Макао капиталы – қазақ логистикасына

«Макао – Азияның ең бай өңірлерінің бірі. Казиноларымен танымал аймақтың капиталы енді Қазақстандағы стратегиялық жобаға бағытталуы мүмкін. Макао биржасының өкілі Ма Сяньлиннің айтуынша, жаңа жоба аясында Қорғостан Ақтауға дейін электрлендірілген, қосжолақты, ауыр жүкке бейімделген заманауи теміржол салынады. Сонымен бірге Ақтаудан Бакуге дейін Каспий теңізінің үстімен өтетін көпір салу да жоспарда бар», - деді А. Олжай.

Сарапшының есебінше, қазіргі жолмен бір пойызда 50-60 вагон ғана қозғалады, ал әрқайсысына 60 тонна жүк тиеледі. Ал жаңа теміржолда 300 вагоннан тұратын алып пойыздар әрқайсысы 100 тонна жүкпен қатынай алады. Бұл – бір рейспен 30 мың тонна. Күніне бірнеше рейс арқылы кемінде 1 миллион тоннадан астам жүк өткізуге болады. Жылдық өткізу қабілеті – 500 миллион тонна. Бұл көрсеткіш арқылы Қазақстан транзиттік табысынан мұнайдан түсетін пайдадан да көп табыс табуы мүмкін.

Айбар Олжай атап өткендей, бұл тек логистика емес, бұл – экономикалық дербестік пен стратегиялық ықпал құралы.  

«Орта дәліз – бұл қазақ экономикасының жаңа тынысы. Енді бұл дәлізбен тек тауар емес, ақша, ықпал, бедел және геосаяси салмақ тасымалданатын болады», – дейді сарапшы.

Макао инвесторлары жобаның барлық шығындарын өз мойнына алуға дайын. Қазақстанға тек инфрақұрылымдық дайындық пен тиімді тарифтік саясат қажет.

Қазақстан – Еуразия логистикасының алтын көпіріне айналуға нақты қадам жасап отыр. Қытайдың Қорғас арқылы Ақтауға, одан әрі Каспий арқылы Бакуге бағытталуы еліміздің транзиттік әлеуетін бірнеше есеге арттырады.  

 

Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді