Орта дәліз: Қытай, Қазақстан және Әзербайжан ынтымақтастығы күшейе түсті

Жүк тасымалы
23.07.2025, 10:41
Фото: ADY

2025 жылдың шілде айының басында Бейжің қаласында Қытай (CR) мен Әзербайжан (ADY) темір жолдары халықаралық жүк тасымалын дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжатта Орта дәліздің негізгі бөлігі саналатын Баку — Тбилиси — Карс (БТК) темір жол желісіне ерекше назар аударылып, ол арқылы транзиттік пойыздар санын тәулігіне 10-ға дейін жеткізу көзделген, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Осы мақсатта тараптар темір жол және порт инфрақұрылымын жетілдіру, Каспий теңізі арқылы контейнерлік тасымалдарды жандандыру бағытындағы ынтымақтастықты тереңдетуге келісті. Тасымал үдерістерін оңтайландыру, тиімділік пен сапаны арттыру үшін кең көлемде цифрлық технологияларды енгізуге басымдық берілмек.

Орта дәліздің бір бөлігі саналатын Транскаспий халықаралық көлік маршрутын (ТХКМ) дамытуға қатысу үшін Қытайдың ірі контейнерлік операторларының бірі — China Railway Container Transport (CRCT) 2023 жылдың ортасында Қазақстан (ҚТЖ), Грузия (GR) және Әзербайжан (ADY) темір жолдары құрған Middle Corridor Multimodal бірлескен кәсіпорнына қосылуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Қытай темір жолдары (CR) мен Қазақстан темір жолдары (ҚТЖ) 2014 жылы жасалған келісімді жаңартып, кешенді стратегиялық әріптестік туралы жаңа келісімге қол қойды. Бұл құжат көлік дәліздерін дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды — жаңа темір жол желілерін салу, қолданыстағыларын жаңғырту, логистикалық базалар мен мультимодальды терминалдар құру, трансшекаралық операцияларды оңтайландыру үшін цифрлық технологияларды енгізуді көздейді.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты