Тиімді әріптестік тетігі

Жүк тасымалы
17.03.2026, 08:28
Сурет: ҚТЖ
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Qarmet» компаниясы өнеркәсіп өнімдерін орнықты және тұрақты тасымалдауды қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмысты дамытуды жалғастырмақ.

Металлургия және көмір өндіру үшін теміржол логистикасы өндірістік циклдың ажырамас бөлігі, сондықтан компаниялардың өзара тиімді әрекеттесуі саланың тұрақты жұмысында шешуші рөл атқарып отыр.  

– Qarmet Қазақстан темір жолымен бірлесіп тасымалдау процесінің тұрақтылығын және дайын өнімді әртүрлі бағыттар бойынша уақытылы жеткізуді қамтамасыз етеді. Логистикалық тізбектің барлық қатысушыларының үйлестірілген жұмысының арқасында 2025 жылы компания жөнелтудің рекордтық көрсеткішіне – айына 300 мың тоннаға дейін өнімді шығаруға қол жеткізді. Біз көлік ағындарының тұрақтылығы мен логистиканың тиімділігін қамтамасыз ете отырып, ҚТЖ компаниясымен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниеттіміз, – дейді Qarmet компаниясының логистика жөніндегі директоры Вячеслав Миронов.  

Компаниялар сонымен қатар көлік жүйесінің тұрақтылығын қолдау бойынша жұмыс жүргізуде. Жекелеген бағыттардағы уақыт шектеулері жағдайында кідірістердің жинақталуын болдырмауға және нарықтың барлық қатысушылары үшін тасымалдардың болжамдылығын сақтауға мүмкіндік беретін ағындарды басқарудың арнайы режимдері қолданылып отыр. Бұл тәсіл өндіріс процесінің тәуекелдерін азайтуға және келісімшарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге көмектеседі.  

Сонымен қатар теміржол желісі инфрақұрылымын дамыту бағытындағы іске асырылып жатқан жобалар негізгі көлік дәліздерінің өткізу қабілетін арттыруға және тар жерлерді жоюға бағытталып отыр. Ол өз кезегінде өнеркәсіптік өндірістің өсуіне және экспорттық жеткізілімдердің кеңеюіне қосымша мүмкіндіктер туғызады.  

Qarmet тасымалдау процесін одан әрі цифрландыру бағытын және жөнелту жоспарларын келісудің ашық тетіктерін қолдап отыр. ҚТЖ-мен бірлескен жұмыс көлік логистикасының тиімділігін арттыруға, жеткізілімдердің тұрақтылығын нығайтуға және Қазақстанның металлургиялық кешенінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді дейді Qarmet компаниясының өкілі.

 

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты