Қазақстан Қытайға күнбағыс майын жеткізуді арттырды

Жүк тасымалы
17.03.2026, 08:37
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Еліміздің май өнімдерін өндірушілер Қытайға жеткізілімді едәуір арттырған. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Қытай нарығына күнбағыс майын жеткізушілер арасында екінші орынға ие болған.  

Бұл туралы Шанхайдағы Chinese Grains & Oils Congress 2026 халықаралық конференциясында «Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Ядыкар Ибрагимов хабарлаған. Қауымдастықтың мәліметінше, қазақстандық май өнімдерінің Қытайға экспорты бір жылда 44%-ға өсіп, 440 мың тоннаға жетсе, түсім 37%-ға немесе 312 млн долларға дейін өскен.  

Қауымдастық басшысы жеткізілімдердің өсімі логистиканың жақсаруының арқасында мүмкін болып отырғанын жасырмады. Айтуынша, 2024 жылдың басынан бастап қауымдастық ҚТЖ-мен бірлесіп Достық – Алашаңқай шекара өткелі арқылы өсімдік майын ауыстырып тиеу бойынша пилоттық жобаны іске асыруда.  

– Осы кезеңнен бастап Қытай бағытындағы жөнелту жоспарының орындалуы 90%-дан асты, ал бұған дейінгі, яғни 2023 жылғы көрсеткіш 40%-дан аспады, – деп атап өтті Я.Ибрагимов.  

Сонымен қатар 2026 жылдың наурыз айында қауымдастық пен ҚТЖ Қытай бағытында түйіршіктелген күнбағыс ұнын астық тасымалдаушы құрамдарда экспорттық жеткізуді келісудің жаңа тетігін пилоттық режимде іске қосты. Бұл механизм өсімдік майын тасымалдаудың қазірдің өзінде пайдаланылып отырған жүйесіне негізделген.

 

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды