Темір жолдағы жүктің сақталуы бойынша Жол картасын әзірлеуде

Жүк тасымалы
29.06.2021, 09:55
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС темір жолдағы жүктің сақталуы бойынша Жол картасын әзірлеуде. Бұл туралы дөңгелек үстел барысында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының орынбасары Қанат Көбесов мәлімдеді. Кездесу Бас көлік прокуратурасы, мүдделі құрылымдық бөлімшелер және кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен өтті. Қанат Көбесов тасымалданатын жүктерді ұрлау жағдайларының алдын алу және сақтау бойынша алдын алу іс-шараларын күшейту қажеттігін атап өтті. Жол картасына теміржол жүктерін қорғау саласына цифрлық технологияларды енгізу үшін жағдай жасайтын кешенді ұйымдастыру іс-шаралары енгізілетін болады. Әсіресе, кадрларды іріктеуге, персоналды оқытуға және кәсіптік даярлауға ерекше назар аударылады. Жол картасы Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және көліктегі қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің хаттамасын орындау шеңберінде қабылданатын болады.

– Маусым айының басында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-да «ҚХР-Еуропа-ҚХР бағыты бойынша контейнерлік пойыздарда жүктердің сақталуы, Достық, Алтынкөл шекаралық өткелдерінде жүкті қайта тиеу сапасы» айлығы басталды. Осылайша, Қытайдан Еуропаға бағытталған транзиттік контейнерлік пойыздардың жүру бағдары бойынша жүктердің сақталуы ерекше бақылауға алынды. Өткізу режимдері күшейтілді, рейдтер, соның ішінде кенеттен рейдтер жүргізілуде, Достық және Алтынкөл станцияларының қайта тиеу терминалдарында бейнебақылау камераларының жұмысы тексеріледі», – деді Қанат Көбесов.

Өз кезегінде, Бас көлік прокуратурасының өкілдері жүктің сақталуын қамтамасыз етуде күш-жігерді біріктіруге ниет білдірді. Еңбек міндеттерін орындау кезінде құқық бұзушылыққа жол берген қызметкерлердің жауапкершілігін күшейту қажеттілігі туралы айтылды. Ол үшін ҚР Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамалар көтерілмек. Кеңес қорытындысы бойынша осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізу ұсынылды.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті