Ақтөбеліктер де іргелес жатқан маңғыстаулықтарға қарайласа бастады

Жүк тасымалы
30.07.2021, 09:51
Оқуға 1 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе облысының Шұбарқұдық станциясында Маңғыстау өңіріндегі қуаңшылыққа байланысты зардап шегіп отырған шаруаларға жем-шөп жөнелту жұмыстары жүріп жатыр. «Қиындықта ел бірге» акциясымен көрші облысқа қолұшын беруге ақтөбеліктер де бір кісідей жұмылды. Шұбарқұдық станциясының бастығы Алтай Абдуллиннің айтуынша, бес вагон жем-шөп Шетпеге, жеті вагон Ақтау қаласының өзіне жеткізіледі. Игі іске теміржолшылар да бар мүмкіндігінше қолғабыс етуде.

«Вагондарды тиеу орнына жеткізіп беріп тұрмыз. Шөп әкеліп жатқан жүк көліктеріне ыңғайлы жерлерге вагондарды қойып жатырмыз. Жеткізу үшін ең төменгі тарифтер қойылған», – дейді Шұбар станциясының басшысы Алтай Абдуллин.

Қазіргі күні облыс аумағындағы шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер станция аумағына шөп тасып жатыр. Теміржолшылар тарапынан жүк көліктері кідіртпеудің барлық шаралары жасалған. Өңір жамағаты мешіттерде ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы кезінде 2 миллион теңге жиналып, басқа облыс мешіттерінен 4 050 000 теңге қаражат түскені хабарланды. Жалпы көлемі 6 050 000 теңгеге 7500 түк шөп сатып алынып, Қызылорда облысының Арал өңіріне 2500 түк шөпті жөнелтіп те үлгерген. Жем- шөптің қалған бөлігі Маңғыстау өңіріне жөнелтіледі.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды