Тұтынушыларға ұсынылатын қызмет түрлерінің жартыжылдығы қорытындыланды

Жүк тасымалы
03.08.2021, 10:38
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жақында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ұлттық компаниясының 2021 жылғы бірінші жартыжылдықтағы табиғи монополиялар саласындағы қызметтерді ұсыну бойынша қызметінің қорытындыларын және биылғы екінші жартыжылдыққа арналған негізгі міндеттерін саралаған көпшілік тыңдалым өтті. Онлайн форматта өткен іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері мен қызметтерді тұтынушылар қатысты. «ҚТЖ» ҰК» АҚ қаржы директоры Шолпан Омарбекова, компания өз қызметінің тиімділігін арттыру үшін қызмет тұтынушыларымен қарым-қатынаста ашық саясат жүргізетінін атап өтті. Ол көрсетілген қызметтердің көлемі мен сапасының орындалуы, инвестициялық бағдарламалардың іске асырылуы, негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу және қызмет перспективалары, тарифтік сметаның баптар бойынша орындалуы, сондай-ақ қызметтерді тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы хабардар етті.

«ҚТЖ» ҰК»АҚ табиғи монополиялар субъектісі ретінде теміржол магистралі желісі және кірме жолдар қызметтерін, сондай-ақ, электр энергиясын беру қызметтерін атқарады. Қаржы директорының айтуынша, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында жүк айналымы 94 539 млн.ткм құрап, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3,6% артық орындалған. Соның ішінде республикаішілік алты айдағы жоспар 101,8%, экспорттық 103%, ал импорттық қатынас 115% құраған. «2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы монополиялық қызметтер бөлінісіндегі қаржылық нәтижеге келсек, кіріс 162 236 700 мың теңгені құраса, шығын 166 956 382 мың теңгені құрады», – деп атап өтті.

Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында магистральдық теміржол желісіне қызмет көрсетуге арналған инвестициялық бағдарламалардың орындалуына Компания бойынша 32 642 326 мың теңге жұмсалса, соның басым бөлігі, яғни 31 884 592 мың теңге сомасындағы қаржы 181,4 километрді құрайтын жолжөндеу жұмыстарына бөлінген. Биылғы алты айда 2074 км жолға жөндеу жұмыстары жүргізілген. Соның ішінде 254 км жол күрделі жөндеуден өтіп, бұл жөндеу түріне қатысты жоспар 1,2 есеге артық орындалған. Ал 105 534 мың теңге мөлшеріндегі сома жасанды құрылыстарды салуға және жөндеуге бөлінсе, 652 200 мың теңге шамасындағы қаржы пойыздар қозғалыс басқару орталығы қызметіне жұмсалған. Шолпан Омарбекова қызметті тұтынушылармен жүргізіліп отырған жұмысқа да тоқталды. Оның айтуынша, МЖС қызметтерін көрсетуге жолаушылар тасымалында 13, жүк тасымалында 3, оның 2-уі жекеменшік тасымалдаушылармен келісімшарт жасалыпты. Жолаушыларды теміржол қызметтері туралы ақпараттандыру бойынша вокзал кешені, кластан тыс вокзалдар және бірінші класты вокзалдарға QR-кодтар енгізілген. «Нұрлы жол» теміржол вокзал кешеніне жолаушылар пойыздарының кідіруі, жолаушылар пойыздарының сервистік қызметтерін хабарлау қосымшасы бар «Дәрмен» пилоттық жобасы, сондай-ақ, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың 20 вокзалында «Ashyq» жобасы енгізілген. Ұлттық компанияның қаржы директоры 2021 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланып отырған жұмыстармен де бөлісті. Жылдың екінші жартысында 582 км жол және 15 теміржол көпірі күрделі жөндеуден өтіп, кешенді жол машиналарының көмегімен 4000 км жолға сауықтыру жұмыстары жүргізілмек, және 513 жиынтық бағыттағыш бұрма ауыстырылмақ. «Дәрмен» жобасын кластан тыс және 1 класты станцияларға тираждау жұмыстары жалғасатын болады. Сондай-ақ, көпшілік тыңдалымда «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының экономика жөніндегі атқарушы директоры Ерлан Қизатов кірме жолдарды ұсыну, электр энергиясын беру бойынша реттеуші қызметтер көрсетілімі туралы есеп берді.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті