Атыраулық теміржолшылар жаңа технологияларды кеңінен қолдана бастады

Цифрландыру
20.12.2022, 10:22
Оқуға 2 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау өңірінде белгі беру-байланыс саласындағы соны жетістіктер аз емес. Теміржолшылар бірте-бірте ескіні қолданыстан шығарып, жаңа технологияға иек артуда.

Солардың қатарына контейнерлік типтегі жаңартылған модульді техникалық құралдар кешенін жатқызуға болады. Құлсары және Атырау белгі беру және байланыс дистанцияларында Мақат – Құлсары учаскесі бойынша Бек-Бике разъезінде, Құлсары – Бейнеу учаскесінде Қоркөл станциясында, Атырау – Ақсарай учаскесі бойынша Тұманды мен Д.Нұрпейсова бекеттерінде осындай 7 дана контейнерлік типтегі кешен орнатылған. Ал осы жылдың 3-ші тоқсанында Атырау дистанциясында Атырау-Қиғаш телімінің Аққыстау, Исатай, Афанасьево бекеттеріне пойыз қозғалысы кезінде жылжымалы құрамның техникалық жағдайын автоматты түрде бақылауға арналған 6 дана жаңартылған контейнерлік техникалық жабдықтар кешенінің жүріс модульдері орнатылды.  

Өңірде электрондық құжат айналымы (ЭҚА) – қағазсыз жұмыс процесі тұжырымдамасын іске асыратын электрондық құжаттарды өңдеудің автоматтандырылған процестері жүйесі де іске қосылған. Бұл – электронды құжаттармен жұмыс жасауды, сондай-ақ қызметкерлер арасындағы өзара іс-қимылды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін компьютерлік бағдарлама. Жүйені пайдалану құжаттармен жұмыс істеуде әдеттегі операцияларға жұмсалатын уақытты едәуір қысқартады. Сондай-ақ, барлық аймақ бойынша DX-500 арқылы телефон байланысы орнатылған. Ол арқылы халықаралық сөйлесулер коммутатордың қосуынсыз немесе «8» байланыс нөмірінсіз мүмкін болды, яғни сөйлесулер жедел әрі тегін.  

Маңғыстау-Бейнеу-Оазис-Мақат-Атырау-Ақсарай учаскелерінде ұзындығы 1196 шақырымды құрайтын диспетчерлік орталықтандыру қондырғысы түбегейлі жаңартылды. Мұнда байланыс бұрынғыдан әлдеқайда артып, еңбек үдерісі жақсарған.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды