Түрксіб желісі бойына 5G интернеті келіп жетті

Цифрландыру
11.01.2024, 14:48
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінде Семей жүк тасымалы бөлімшесі бойынша теміржол бойының ғаламторға қолжетімділігі артуда. Бұл орайда өткен жыл біршама жемісті болды. Желі бойын жаһанжеліге қосуда «Транстелеком» АҚ филиалы – «Семейтранстелеком» компаниясы біршама тындырымды іс-шараларды нәтижелі атқарды.

Осыған дейіншағын станцияларды кең жолақты ғаламтормен қамту мақсатында талшықты оптикалық және LTE желілерін кезең-кезеңмен салу ісі жүзеге асқан болатын. Соның нәтижесінде Локоть – Дегелең, Семей – Ақтоғай учаскелері толық қамтылды. Сол тәрізді аталмыш филиал «Елді мекен 250+», «Цифрлы Қазақстан», т.б. сынды көптеген жаңашыл бағдарламалары аясында теміржолшылар игілігі үшін елеулі жұмыстар жүргізді. Бұл ретте заманауи коммуникацияларды дамыту мақсатындағы тағы бір маңызды қадам – нысандарды Wi-Fi желісіне қосуды да сәтімен жалғастыруда. Әсіресе Жаңа-Семей – Шар, Шар – Аягөз, Аягөз – Ақтоғай телімі бойындағы теміржол мекемелері ғана емес, өзге де әлеуметтік нысандар мен өндіріс ошақтары ғаламторға қосылып жатыр. Араларында Семей ЖТ бөлімшесімен әріптестік орнатқан бірқатар іргелі мекемелер де бар. 

Өткен жылдағы бір жаңашылдық – байырғы Түрксіб желісінің бойына жаңа буынның технологиясы саналатын 5G интернеті келіп жетті. Шағын станциялардағы теміржолшылар қауымы ғаламтор жылдамдығына таңғалуда. 

Бұл ретте өткен жылы Ақтоғай мен Аягөз және Үшбиік станциялары бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліпті. Сол тәрізді шағын станциялар аса жоғары жылдамдықтағы интернетпен қатар заманауи цифрлы телевидениемен де қамтамасыз етілгенін де айта кеткен жөн.  

Қазіргі күндері «Транстелеком» АҚ телекоммуникация саласы ғана емес, АТ, автоматика және энергетика саласындағы жүйені де интеграциялауға мамандандырылған. Ал «Семейтранстелеком» филиалы – Семей аумағында бірқатар телекоммуникация қызметтерін көрсетеді. Атап айтсақ, халықаралық, қалааралық және жергілікті телефония, магистральды талшықты-оптикалық байланыс орнату, IPVPN желісіне қолжетімділік, сонымен қатар  бейнеоконференцбайланыс, хостинг қызметі де бар. Десек те, желі бойындағы нысандарды сапалы ғаламтормен қамту – бірінші кезектегі міндет.

– Бүгінде аталмыш компания филиалына тапсырыс көптеп түсуде. Әсіресе Ақтоғай мен Аягөз станциялары бойынша қызмет алушылар саны біршама артып отыр. Мәселен, желі бойындағы көптеген сауда нысандары, медицина мекемелері сынды заңды тұлғалардың өтініштерін орындап жатырмыз, – дейді бұл орайда пікір білдірген «Семейтранстелеком» компаниясыныңАқтоғай-Жарма телімі бойынша учаске бастығының міндетін атқарушы Нұрболат Ысқақов. 

Айта кетерлігі, аталмыш филиалдың Аягөз станциясындағы қызметкерлері үшін жаңадан салынып жатқан Бақты-Аягөз телімінің бойын да ғаламторға жалғау міндеті кезек күтіп тұр. Осы орайда өткен желтоқсан айында жаңа телімнің Түрксібпен түйісер тұсы – 22-ші жол айрығында ілкімді жұмыстар жүргізіліп, теміржолшылар өтінішімен бірқатар нысандарды Wi-Fi желісін қосу шаралары сәтімен ұйымдастырылған болатын. Бұл таяу болашақтағы ауқымды да жауапты жұмыстың алғашқы баспалдағы екендігі анық.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды