Өндірісте – инновациялық жобалар

Цифрландыру
23.01.2026, 09:32
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы соңғы жылдарда еңбек өнімділігі мен жұмыс сапасын арттыру бағытында заманауи технологиялар мен сандық жүйелерді қарқынды енгізуде. Инновациялық жобалар өндіріс көрсеткіштеріне оң әсерін тигізіп отыр.

Мәселен, ақауларды 87 күн бұрын болжап, жөндеуді жоспарлау жылдамдығын екі есе арттыра алатын «Смарт-диагностика» жүйесі 22 000 км теміржол желісін қамтитын болса, 3 000 км магистраль бірден жеті негізгі бағыт бойынша өткізу қабілетін арттыруға бағытталған автоматтандыру жобаларымен қамтылған.  

Жылына екі миллиард теңге – мұндай үнемдеу вагон паркін басқару, бос жүрісті қысқарту және активтерді пайдалану тиімділігін арттыру бойынша бірыңғай цифрлық платформаны іске қосуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ҚТЖ-да Wabtec-тен Kinetix инновациялық жүйесі енгізілуде, ол вагондарды қозғалыста тоқтаусыз, уақытты жоғалтпай және барынша дәлдікпен диагностикалауды қамтамасыз етеді.  

Өткен жылы «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарын 13 миллионнан астам жолаушы пайдаланған, бұл – компания жұмысының тиімділігі мен сенім деңгейінің артқанының белгісі. Соңғы он жыл ішінде жолаушылар вагон паркінің 60% жаңарғаны байқалады. Ал 2030 жылға қарай вагондардың орташа жасы 10 жылға дейін қысқарады деп күтілуде.  

Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы шеңберінде Магистральдық желі дирекциясы бойынша 2029 жылға дейін 11 000 км жолды жөндеу көзделген. 2023 жылдан бастап 4 448 км жол жөнделіп, бұл бағдарламада көзделген көлемнің 40%-ын құраған.  

2025 жылы қолданыстағы учаскелердің 3000 шақырымында автоблоктауды жаңғырту және енгізу бойынша бір мезгілде жеті жобаны іске асыру басталды. Мәселен, Қызылжар – Сексеуіл учаскесін жаңғырту шеңберінде 2025 жылғы 25 желтоқсанда Қызылжар – Жезқазған поезд-учаскесінде автоблоктау жүйесін енгізудің алғашқы іске қосу кешені және басқару жүйесін микропроцессорлық орталықтандырумен төрт жаңа бөлек пункт салу бойынша жұмыстар аяқталды. Бұл Қызылжар – Жезқазған пойыз учаскесінде өткізу қабілетін 8-ден 14 жұп жүк пойызына дейін арттыруға мүмкіндік берді. Цифрлық автоблоктау бір аралықта пойыздардың жиілігі мен санының артуымен пойыздардың қозғалысын аралық басқаруды қамтамасыз етті.  

 

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды