Сингапурлық технология Қазақстан логистикасын қалай өзгертті?

Цифрландыру
03.02.2026, 09:20
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан өткен жылы жүк транзитіне арналған цифрлық жүйені енгізу арқылы шамамен 2 млн АҚШ долларын үнемдеді. Бұған кеден мен теміржол қызметтеріне деректерді электронды алмасуға мүмкіндік беріп, транзиттік құжаттарды автоматты түрде рәсімдейтін платформа себеп болған.

Соның нәтижесінде делдалдық және логистикалық шығындар азайып, жүк өткізу уақыты айтарлықтай қысқарды. Жоба Сингапурдың жетекші цифрлық компанияларының бірімен жүзеге асырылып отыр. Екі елдің бірлескен бастамалары мұнымен шектелмейді. Былтыр қос мемлекет бірқатар ірі инвестициялық жобаны іске қосты. Цифрлық платформа Қазақстанда екі жыл бұрын іске қосылған.  

Осы уақыт ішінде жүйе шығындарды азайтып, кедендік рәсімдерді айтарлықтай жеделдетті. Бұған дейін транзиттік құжаттарды рәсімдеу 12 сағатқа дейін созылса, қазір бұл үдеріс небәрі 30 минутта жүзеге асады. Жоба Қытайдан Орталық Азия мен Еуропаға бағытталған негізгі транзиттік бағыттарды қамтиды. Платформа іске қосылғалы бері 200 мыңға жуық операция орындалды.  

Алдағы екі жылда платформаның ауқымын кеңейтіп, жүйелердің өзара жұмысын күшейту көзделіп отыр. Қытайдан Қазақстан арқылы өтетін негізгі дәліздердегі тасымал көлемін арттыру жоспарланған. Бұл транзит ағынын еселеп көбейтуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге «теңіз – теміржол» бағыты да дамитын болады. Жобаға үлкен үміт артылуда.  

Қазақстанның Сингапур, Аустралия және Жаңа Зеландиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Асқар Құттықадамның айтуынша, қазір елімізде Сингапур капиталының қатысуымен 300-ге жуық бірлескен кәсіпорын бар. Олардың басым бөлігі логистика, өнеркәсіп және құрылыс салаларында жұмыс істейді, сондай-ақ қаржы мен цифрлық технологиялар секторын қамтиды.

 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді