«Цифрлық трансформация» бағдарламасы аясында Қытаймен арадағы шекарада тиімді шаруалар қолға алынды

Цифрландыру
23.07.2021, 11:02
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Кедентранссервис» АҚ терминалдары қызметінің тиімділігін арттыру жобасы үстіміздегі жылдың ақпан айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің хаттамасымен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында жүзеге асырылып жатқан «Цифрлық трансформация» бағдарламасының жобалар қоржынына енгізілген болатын. 2021-2023 жылдар аралығында жүзеге асқалы отырған бұл жобаның мақсаты – терминалдың операциялық қызметін басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу, сонымен қатар онлайн сервистерде клиенттермен өзара іс-қимыл және коммерциялық функциялар процестерінің тиімді моделін құру. Жобаны іске асыру шеңберінде енгізілетін өзгерістер негізгі процестерді оңтайландыруға және автоматтандыруға мүмкіндік береді. Компания басшысы Арман Сұлтановтың айтуынша, бұл терминалдардың өнімділігі мен тиімділігін арттырып, сонымен қатар қызметтен түсетін кірістің өсуін қамтамасыз етеді. Жақында «ҚТЖ» ҰК»АҚ Басқарма төрағасының инфрақұрылым жөніндегі орынбасары – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының директоры Бауыржан Орынбасаровтың жетекшілігімен Алматы қаласында жаңғыртуды жүзеге асыратын жобалау ұйымы басшылығы мен мемлекетаралық шекаралық Достық станциясында қайта тиеуді қамтамасыз ететін компаниялар өкілдері қатысқан кеңес өтіп, онда Достық станциясының қайта өңдеу қабілеті мен қайта тиеу қуаттарын дамытудың бірыңғау тұжырымдамасын айқындау мәселелері ортаға салынған болатын. Сонымен қатар қатысушыларға вагондарды қабылдау көлемін ұлғайту мақсатында қайта жаңарту жөніндегі жаңа жобалар мен жоспарлар таныстырылғанды. «Кедентранссервис» АҚ басшылығы қатысушыларды Қытай елінен келетін контейнерлік құрамдардың қайта тиелуін ұлғайтуға мүмкіндік беретін, қазіргі сәтте осы көліктік-логистикалық қызметтер нарығында бар жаңа технологияларды қолдана отырып, контейнер алаңын қайта жаңарту бойынша жобалау-сметалық құжаттаманың әзірлемесі жүріп жатқаны туралы хабардар етті. Транзиттік тасымалдаудың жыл сайын өсуін қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымды дайындау жұмыстарының дер кезінде қолға алынғанын кеңеске қатысушылар да мақұлдады. Атап өтерлігі, «Кедентранссервис» АҚ қазірдің өзінде ҚР арқылы транзиттік тасымалдардың жыл сайынғы өсуін ескере отырып, келешектегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ҚХР-мен шекарада инфрақұрылымды дайындау бойынша жұмысты озық қарқынмен жүргізуде.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті