Маңғыстаудағы 50 шақырымдық жолды күрделі жөндеуден өткізу жыл соңына дейін жалғасады

Инфрақұрылым
02.11.2021, 10:51
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінде биыл инфрақұрылымды жаңғырту жобасына сәйкес, елу шақырымға жуық жолды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған болатын. Маңғыстау– Бейнеу учаскесінде жолдың үстіңгі құрылысына 48,04 шақырым күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланып, соның 36,4 шақырымы аяқталды. Енді қараша айында Бекет 7 – Сай-Өтес станциясы аралығындағы 11,64 шақырымға күрделі жөндеу басталмақ. Жыл басынан бері Бекет 12 – Бекет 13 аралығында ұзындығы 17,46 шақырым, Бекет 3 – Үстірт станциясы аралығында 18,94 шақырым жол талапқа сай күрделі жөндеуден өтті. Алдағы уақытта күрделі жөндеу жұмыстарына қоса ағымдағы жөндеу жұмыстары да қоса атқарылмақ. Яғни, Бейнеу жол дистанциясы бойынша Сай-Өтес-Бекет 9, Бейнеу станциясында рельстердің желінуіне байланысты 2,466 шақырым жолға жарамды ескі рельстерді салу межесі бар. Оған қоса осы айда Ақжігіт, Бекет 5, Бекет 9, Шетпе, Маңғыстау станцияларының бас жолдарында жатқан 9 дана ескі ағаш шпалды бағыттама бұрмасын темірбетон шпалды бағыттама бұрмасына ауыстыру көзделіп отыр. Қысқасы, жолшылар үшін жыл соңына дейін жұмыс бар.

– Күрделі жөндеу жұмыстары қазан айында жалғасуы тиіс еді. Кейбір себептерге байланысты қарашаға қалдырылды. Дегенмен жыл соңына дейін биылға белгіленген жөндеу жұмыстары түгел аяқталатын болады. Бірақ оған қарамай көрсеткіштеріміз қазір де жаман емес. 9 ай қоры- тындысында бөлімше бойынша қозғалыс қауіпсіздігін бұзу дерегі тіркелген жоқ. МДК жол өлшегіш вагонының тексеріс қорытындысы бойынша жол күтімі 41 бірлікке орындалды, жоспар 65 бірлік болатын. Яғни жоспардың орындалуы 137 пайызды құрады. Сонымен қатар өндірістік жарақаттану жағдайлары да кездескен жоқ. Жалпы, алғашқы жарты жылды Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі мен оған қарасты мекемелер жақсы көрсеткішпен қорытындылады. Компания бойынша НЖС-14 Маңғыстау – 2-орынға, ЭЧ-5 Маңғыстау – 3-орын, ВП-12 Маңғыстау – 3-орыннан көрінді, – деген Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің басшысы Марлен Көктеубаевтың айтуынша, осы күнге дейін 96 шақырым малға қарсы жаңа қоршау салынып, 25 шақырым қоршау жөндеуден өткізіліпті.

Десек те, теміржолға мал шығу оқиғасы азаймаған, жыл басынан бері 86 малды пойыз басып кеткен...

– Бөлімше бойынша жолға мал шығу мен теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасының алдын алу қашан да маңызды. Сол үшін мал иелерімен де, автокөлік жүргізушілерімен де түсінік жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді. Сонымен қатар, ауа-райының қолайсыздығынан, яғни шаңды дауылдан жолды құм-топырақ басып, пойыздар қозғалысына кері әсерін тигізуде. Оны тазартуға жұмысшылар, техникалар жұмылдырылуда. Сондай қиындықтарға қарамастан теміржолшылар пойыздар қозғалысын қамтамасыз етіп, өз міндетін ойдағыдай атқаруда, – дейді Марлен Көктеубаев.
Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды