Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту аясында Достық станциясында Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Келбуғановтың жетекшілігімен, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығының қатысуымен көшпелі кеңес өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жұмыс сапары барысында жиынға қатысушылар станциядағы барлық қайта тиеу терминалдарын аралап, олардың өндірістік қуаттары, техникалық жабдықталуы және жүк тасымалы көлемінің артуын қамтамасыз етуге дайындығымен танысты.

Бүгінде Достық – Алашанькоу шекара өткелі арқылы Қытаймен жүк айналымы  19,1 млн тоннаны құрағаны атап өтілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ға жоғары.

«Кедентранссервис» АҚ, «DostykTransTerminal» ЖШС, ТОО «ETT Dostyk», «Dostyk Cargo Service» ЖШС и «DOSTYK REFINERY» ЖШС қайта тиеу терминалдарының өкілдері тасымал көлемінің артуы жағдайында жұмыс істеуге толық дайын екендіктерін баяндады. Крандардың, мамандандырылған техниканың және еңбек ресурстарының дайындығы атап өтілді.

Сонымен қатар станция мен терминалдарда инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Қайта тиеу үдерістерінің өнімділігімен тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа технологиялар мен цифрлық шешімдер енгізілуде.

Жиын барысында жылжымалы құрамды тиімді пайдалану, пойыздардың қозғалыс жылдамдығын арттыру және контейнерлік пойыздардың айналым уақытын қысқарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ теміржол инфрақұрылымын дамыту жұмыстарын Қытай тарапымен және шекаралас теміржол әкімшіліктерімен үйлестірудің маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тасымалдау процесін жетілдіру, вагон операторларымен өзара іс-қимылды күшейту және жүк тасымалының тұрақты әрі үздіксіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі алдағы шаралар айқындалды.

Өз кезегінде Көлік министрлігі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен және саладағы компаниялармен бірлесіп көлік-логистикалық қызметтердің сапасын арттыру, халықаралық көлік дәліздерін дамыту және елдің транзиттік әлеуетін нығайту бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырады.