ҚТЖ темір жолдар желісінде жөндеудің барлық түрлерімен 550 км жол жаңартылды

Инфрақұрылым
26.07.2022, 10:27
Оқуға 2 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жаз маусымы – теміржолда тек жолаушы тасымалы жанданатын маусым ғана емес, жол жаңарту жұмыстарының да қарқын алатын кезі. Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ темір жолдар желісінде жөндеудің барлық түрлерімен 545,462 км жол жаңартылды.

Биыл ел теміржолдарының 550,6 шақырымына күрделі жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда бұл көлемнің 63% немесе 350 км жуығы күрделі жөндеуден өткен. Қалғаны – күшейтілген және орташа, көтерме жөндеу сынды жол табанын сауықтыру жұмыстары. Күрделі жөндеудей болмағанымен, жөндеудің басқа түрлері де жол күтімін жақсартып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ролі маңызды.

Күрделі жөндеу жұмысының 318,9 шақырымы осы салаға маманданған «Integra Construction KZ» және «Теміржол жөндеу» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің қатысуымен атқарылды. Ал Ағадыр машиналандырылған жол дистанциясының күшімен 30,5 км жол күрделі жөндеуден өтіп, жаңа келбетке ие болды.

– Бұдан бөлек, үстіміздегі жылы шаруашылық тәсілмен 70 км жолға күшейтілген орта жөндеу жұмысы жүргізілуі тиіс болатын. Бүгінде бұл жұмыс көлемінің 88% орындалды. Сонымен қатар 23 км жолда жаңа материалдармен тұтастай рельс тіреуіші алмастырылса, биылға межеленген қалған 52 км жолда алдағы айларда жүргізілмек. Сондай-ақ, биыл 164,470 км жолда тұтастай рельс табанын алмастыру межеленіп отыр. Қазір бұл жұмыстың 68% немесе 111,4 км орындалған. Жөндеу жұмыстарының басым бөлігі Қарағанды, Жамбыл магистральдық желі бөлімшелеріне қарасты телімдерде жоспарланған. Жалпы, 2022 жылға арналған жол жұмыстарының барлығы Компанияның өндірістік бағдарламасы шеңберінде атқарылып жатқанын айтар едік, – дейді Жол және құрылыстар департаменті директорының күрделі құрылыс жөніндегі орынбасары Нұрсұлтан Танабаев.

Жалпы жылдың соңына дейін 1034 км магистраль желісін жаңғырту көзделіп отыр. Ұлттық компанияда теміржол инфрақұрылымын күтіп ұстауға айрықша назар бөлінуде. Өйткені, жол табанын жоспарлы түрде жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде ғана қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, жолаушы және жүк пойыздарының жылдамдығы артатыны белгілі.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды