Бейнеуден Тассайға дейін

Инфрақұрылым
09.08.2022, 11:25
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол тарихындағы маңызды жобалардың бірі – мың шақырымға жуық Жезқазған-Сексеуіл-Шалқар-Бейнеу арасына тартылған теміржол желісі. Алысты жақындатып, еліміздің батысын Қазақстанның Орталық өңірімен жалғаған жоба мемлекетіміздің тасымал тынысын арттырып, экономиканың күретамырына қан жүгіртті.

Бейнеу-Жезқазған теміржол желісінің 261 шақырымы, яғни Бейнеу-Тассай учаскесі Маңғыстау теміржолына тиесілі. Желі бойында бесінші класты 3 станция, 8 разъезд ашылды. Олар – Сам, Тұрыш, Құрсай станциялары, Алтай, Теректі, Ноғайды, Сарша, Жарқұм, Тоқсанбай, Сәнкібай, Сағыр разъездері. Бұл телімнің іске қосылуы өңір халқының тұрмыс-тіршілігіне айрықша әсер етті. Жүздеген жаңа жұмыс орындары құрылып, жол бойындағы халықтың шаруасы жанданды. Жаңа желімен бірге бой көтеріп, бүгінде осы бағытта өтіп жатқан толассыз жүк ағынына қызмет көрсетіп отырған станцияның бірі Самда бүгінде отызға жуық теміржолшы еңбек етуде, көпшілігі – жергілікті тұрғындар. Жан-жақтағы станциядан қатынап жұмыс істейтіндер де бар. Станцияда алты адам, вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінде екі адам, жол шаруашылығында он, белгі беру және байланыс саласында жеті адам жұмыс істейді. Ауылда теміржолшылар үшін салынған екі пәтерлі үй бар, онда жол дистанциясында еңбек ететін жолшылар тұрып жатыр.  

– Сам – жеті жүзге жуық тұрғыны бар шағын елді мекенде орналасқан бесінші класты станция. Теміржолда еңбек ететіндердің көпшілігі – ауыл тұрғындары, осы жылдар ішінде теміржолшы кәсібін оқып үйреніп маманданғандар. Сонымен қатар Бейнеуден қатынап жұмыс жасайтындар да бар. Станциядан күніне 14 пойыз өтеді. Екеуі жолаушылар пойызы, қалғаны жүк пойыздары. Жолаушы пойызынан Алматы-Маңғыстау бағытындағы №77-78 және №111-112 Тальго пойызы жүреді. Соларға қажетті қызметтерді көрсетіп, күтіп алып, шығарып саламыз. Қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылған жағдайы тіркелген емес, – дейді төрт жылдан бері Сам станциясын басқарып отырған Батырбек Тұржанов.  

Үстірт станциясынан жұмыс ауыстырған теміржолшының шағын бекеттің жұмысын ұйымдастыруда тәжірибесі үлкен. 

Бейнеу-Тассай телімінің қолданысқа берілуі жолаушылар тасымалына да ықпал етіп, Маңғыстау-Алматы бағытындағы жолды анағұрлым қысқартып, тасымалдаушыларды артық шығыннан арылтты. Арқаның астығы мен Қарағандының көмірі, Жезқазғанның мысы, құрылыс материалдары сияқты отандық өнімдерді тасымалдау үдерісіне даңғыл жол ашып, Ақтау арқылы Еуропа, Парсы шығанағы елдеріне шығуға мүмкіндік берген жоба – Қазақстан темір жолының 25 жылдағы тағы бір жетістігі.

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады