Азия даму банкі Орталық Азия елдеріндегі теміржолды реформалау жөнінде ұсыныс әзірледі

Инфрақұрылым
27.08.2022, 11:06

Азия даму банкі 11 елдің темір жолының жай-күйіне зерттеу жүргізді. Оның ішінде Ауғанстан, Әзербайжан, Қытай, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Монғолия, Пәкістан, Тәжістан, Түрікменстан мен Өзбекстан бар, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Аталған зерттеу барысында бұл салаға инвестиция тартуды ұлғайту  және коммерцияландыру мен реформалау әлеуетін арттыру қажеттігі анықталған.  

Сондай-ақ аймақтағы сауда құрылымында болып жатқан өзгерістер, теміржол тасымалына деген сұраныстың артуына әкеліп отырғаны айтылады, бірақ бұл елдердегі тасымалдау операторлары бір-бірімен және өзге көлік компанияларымен жиі бәсекеге түсіп, көбінде шығынға батып жататын көрінеді. Сол себепті банк осы операторлардың жұмысын тиімді ететін негізгі реформаларды қарастыруды ұсынды. Бұл тұрғыда 11 елдегі теміржол қызметінің қаржылық тұрақтылығын арттыруға болатын бірнеше ұсыныстар жасалған:

-  шығындар мен кірістер, қаржылық нәтижелер туралы шынайы және ашық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін коммерциялық есеп жүйелерін жаңғырту;

- кәсіпорындарға өнімділік пен табыстылықты арттыруға мүмкіндік беретін ресурстарды жоспарлаудың заманауи жүйелерін енгізу, ол коммерциялық тұрғыдан тиімді тәсілдерді қабылдауға мүмкіндік береді;

- тарифтерді ырықтандыру – теміржолшыларға тарифтерді нарық жағдайына сәйкес реттеуге мүмкіндік береді, бұл тұтынушыларды көбірек тартуға және кірістерді оңтайландыруға көмектеседі;

- әлеуметтік қажетті қызметтерді (PSO) көрсетуге келісім жасау -  Үкіметтің осы қызметтерді көрсетудегі шығындарын өтеуге мүмкіндік береді;

- негізгі емес қызмет түрлерін бөлу немесе жекешелендіру ісі операторларға коммерциялық негізде теміржол қызметтерін көрсетуге назар аударуға мүмкіндік береді;

- жүк және жолаушылар тасымалының жеке операторларының санын ұлғайту, сондай-ақ лизингтік компанияларды тарту тиісті нормативтік-құқықтық база болған жағдайда бәсекелестікті арттырады және тасымалдау қызметінің тиімділігі мен көрсетілетін қызметтердің деңгейін жоғарылатады.

Айта кетсек, 2021 жылдың 2 ақпанында Өзбекстан, Ауғанстан және Пәкістан өкілдері Ташкенттегі келіссөздерден кейін ұзындығы 573 шақырым, транзиттік әлеуеті жылына 20 млн тонна болатын «Мазари-Шариф – Кабул – Пешавар» теміржол құрылысы бойынша бірлескен жоспарға қол қойған еді. Жобаны қаржыландыруға Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Еуропалық инвестициялық банк, АҚШ Халықаралық қаржылық даму корпорациясы қызығушылық білдірген.

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды