Еуропадағы Akiem лизингті компаниясы Siemens Mobility мекемесінен Vectron электровозының 65 данасын сатып алуға тапсырыс берді, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Сағатына 230 км жылдамдықпен жүре алатын бұл электровоздар жолаушыларды да, жүкті де тасымалдайды. Локомативтің қуаты 6,4 МВт. Электровозды жеткізу 2024 жылдың ортасында басталмақ.
Тапсырыс 2021 жылы Akiem мен Siemens Mobility арасында жасалған келісім аясында рәсімделді. Сол жылы Vectron MS көпжүйелі машиналарының 20 данасын жеткізу бойынша алғашқы келісім-шартқа қол қойылған.