Аягөз – Бақты теміржол телімін салу жұмыстары пысықталуда

Инфрақұрылым
16.12.2022, 09:51
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстаннан Қытайға тартылатын үшінші теміржол желісі «Аягөз – Бақты» тармағын тарту мәселесі осыдан ондаған жылдар бұрын көтерілген болатын. Тек қазіргі таңда пісіп жетіліп отыр. Оған Мемлекет басшысының Жолдауында Үкімет алдына қойған тапсырмасы да дәлел.

Президент міндеттемелері мен «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде Қытайдан транзиттік ағындарды ұлғайту үшін бірқатар жобалар жоспарланғаны белгілі. Атап айтқанда, «Достық – Мойынты» теміржол учаскесін электрлендіру, Семейден «құрғақ порт», «логистикалық парк» салу сынды бірқатар межелі шаралар көзделген болатын.  

Бұл орайда Қытаймен шекаралас облыс ретінде Абай облысының мүмкіндіктері мол. Әсіресе, Бақты кеден бекетіндегі шекара өткелінде Қытаймен еркін сауданы дамытудың әлеуеті зор. Осынау тарихи шекара өткелінің 200 жылдық тарихы бар, ол «Қытайдың Еуропаға шығар терезесі» ретінде белгілі.  

Осы орайда ел үкіметі Аягөз – Бақты теміржол телімін салуға басымдық беріп отыр. Өткен аптада үкімет тарапынан маңызды шаралар жасалынды. Атап айтқанда, ҚХР-дан үшінші шекаралық теміржол өткелінің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуші анықталды. Яғни, көлік және логистика академиясы «Семей-Ақтоғай теміржол учаскесіне шығатын қазақстан-қытай шекарасындағы үшінші шекаралық теміржол өткелінің құрылысы» жобасын даярлайтын болды.  

Жобалаушылар таяу күндері Семей өңіріне келіп, Үржар мен Аягөз аудандарында құрылыс жүргізілетін орындарды нақтылап, Бақты халықаралық шекара өткелінің инфрақұрылымын жоспарлауға кірісуі тиіс. Қазіргі таңда Абай облысында осы бағытта басталып кеткен жұмысқа шекара және кеден қызметтерінің, өңірлік экология департаментінің өкілдері қатысуда. Сонымен қатар, Семей ЖТ бөлімшесінің қосып отырған үлесі ерекше. Шығыстағы теміржолшылар құзырлы орындар үшін өз ұсыныстарын әзірлеп жолдаған. Семейлік теміржолшылар барлау, анықтау жұмыстарын жазда жүргізіп үлгерді. Бөлімше басшылығы бастаған арнайы комиссия Аягөз станциясы мен Бақты кеден бекеті аралығындағы 270 шақырымды жүріп өтіп, жер рельефі жайлы деректер жинады. Аудандар әкімдерімен кездесулер өткізді. Соның нәтижесінде ұсыныс тұжырымдамалары әзірленді.  

Семейлік теміржолшылар жаңа тармақты Семей – Ақтоғай телімімен тек №22 жол айрығынан қиылыстырған дұрыс деген пікірде. Себебі, Аягөз қаласының күрделі инфрақұрылымы осы станциядан жаңа тармақ шығару ісін қиындатады. Сол тәрізді жаңа желіні Аягөз – Бақты тас жолына таяу тұстан салу ұсынылады. Бұл құрылыс жұмыстарына, болашақта жол күтімін жүргізуге оңтайлы мүмкіндік бермек. Сонымен қатар, шекара бекеті небары үш шақырым жерде тұрғандықтан түйісетін тұсты анықтау үшін қос мемлекет өкілдерінің кездесіп-келісуі қажет.  

– Жаңа телімді жобалау мен жоспарлауда семейлік теміржолшыларды әлі де ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Жаңа тармақ салынатын өңірлерде әлі де құрылыс жұмыстары басталғанға дейін көптеген іс-шаралар жүргізілетін болады. Біз барлығына дайынбыз, – дейді Семей магистральдық желі бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары Азат Санмұратұлы.

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды