Дегелең станциясында қосымша үш жол пайдалануға берілді

Инфрақұрылым
23.12.2022, 09:34
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесіне қарасты бірінші класты Дегелең станциясында қосымша үш жол салынып, пайдалануға берілді. Бұл – ҚТЖ компаниясының тұңғыш рет бизнес-құрылымдармен, атап айтқанда «Қаражыра» АҚ және «Балапан көлігі» ЖШС-мен бірлескен жобасының нәтижесі.

Бірегей жобаның басты мақсаты – Дегелең станциясынан үш бірдей қабылдау-жөнелту жолдарын салу арқылы Дегелең – Жаңа-Семей телімін дамыту болатын. Көлемді қаржыны әрі көп уақытты қажет ететіндіктен бұл жоба ұзақ жылдан бері жүзеге аспай келген. Тек биылғы жылы ғана үш жақты бірлескен күштің, семейлік теміржолшылардың еңбегінің нәтижесінде шаруашылық тәсілмен орындалды.  

Жобаның сметалық құжаттамаларын «Қаражыра» АҚ даярлады. Ал жолдың үстіңгі қабаты құрылымын жүргізген, яғни рельс, шпал төсеу мен бағыттама бұрмаларын салуды Семей ЖТ бөлімшесінің теміржолшылары орындады. Сонымен қатар ауқымды жобаның орындалуына бөлімшеге қарасты барлық мекемелер тартылған болатын. Үш тәуліктік техникалық толаскез арқылы 7-ші, 8-ші және 9-шы жолдар орталықтандырылған құрылғыларға сәтті қосылды. Жолшылардан басқа ШЧ-29, ЭЧ-18 мекемелерінің жұмысшылары өз салалары бойынша тыңғылықты жұмыс жүргізді. Семей жол дистанциясы жаңа төселген жолдардың ең соңғы бекіту, тексеру жұмыстарын пысықтады.

Дегелең станциясында осыған дейін тек алты қабылдау-жөнелту жолы болды. Ендігі аралықта олардың саны 9-ға көбейіп, жүк айналымы бойынша өнімділік те артатыны даусыз. Соңғы жылдары көмір өндіруде қарқынды жұмысқа көшкен «Қаражыра» АҚ жылжымалы құрамдарға тиелетін қатты отын көлемін арттыруда. Мәселен, биыл 9 млн тонна көмір тасуды жоспарласа, оның 8,7 млн тоннасын темір жолмен жеткізу межеленген. Ал алдағы жылдары бұл көрсеткіш еселеп өсіп, 2024 жылы 10 млн-ға жеткізілмек. Осы жылы жоспар бойынша жылу маусымы басталғаннан кейін тәулігіне 620 вагон жолға шығарылуға тиіс. Бұл ретте алдағы жылдың өзінде вагон көлемін 560-қа жеткізу көзделіп отыр. Ал қазіргі күні станция басындағы жолдардың мүмкіндігіне қарай алты жылжымалы құрамнан тұратын 450 вагон жасақталатынын ескерсек, өнімділік көлемінің қаншалықты артатынын түсінуге болады. Демек, дер кезінде жүзеге асырылған жоба, яғни үш бірдей қосымша жол Дегелеңнің тынысын ашып, құлашын кеңге жаюға мүмкіндік бергені талас тудырмайды.  

– Бүгінде Дегелең – Жаңа-Семей телімі өзінің толық қуатында жұмыс істеп тұр. Жоспарлы кесте бойынша 10 жұп жүк пойызын өткізу керек болса, қазіргі жылу беру маусымына байланысты 11 немесе 12 жұп көмір тиелген пойыздар жүруде. Алдағы уақытта Қаражырадағы көмір өндіру ісі жылына 9-10 млн тоннаны құрайтын болса, қысқы жылу беру кезеңіндегі жүк пойыздарының саны 13-14-ке жететін болады, – дейді бұл орайда Семей ЖТ бөлімшесінің өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Гүлнар Төлеуханова.  

Бір бұл емес, осы тәрізді жаңа жобалар аясында Дегелең – Жаңа-Семей телімі бойындағы Известковый, Көл станцияларында да бір-бірден қабылдау-жөнелту жолдарын салу межеленген. Жалпы, ел шығысындағы теміржолшылар үшін биылғы жылғы жол саласындағы атқарылған іс-шаралар жемісті болды. Әйтсе де, келер жылғы меже бұдан да ауқымды. Өйткені, алдағы жылы Аягөз-Бақты темір жолын салу қолға алынатын болады.  

 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?