«Кіші Түрксіб» теміржолы қайта жаңғырмақ

Инфрақұрылым
15.02.2024, 11:41
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей теміржолы үшін биыл тағы бір тың жоба қолға алынатын болды. Атап айтсақ, қазақ теміржолының 120 жылдығы, Семей станциясы мен локомотив пайдалану депосының 110 жылдығына орайластырылған іргелі шара жүзеге асырылмақ. Яғни, қайта құрылған облыстық әкімдіктің бастамасымен Ертіс ортасындағы Бейбітшілік аралына балалар теміржолы салынады.    

Тоқтала кетсек, осы аралда Түрксіб-Сібір теміржолы құрылысының басталуына 50 жыл толуына орай, балалар теміржолы салынған болатын. Теміржолшылардың кәсіби мерекесі – 4-ші тамыз күні өткен салтанатты түрдегі алғашқы қазық қағу шарасына Алматы теміржолының Семей бөлімшесінің сол жылдардағы директоры, айтулы тұлға Қаныбек Ержанов бастаған теміржолшылар қатысқан еді. Осылайша, ұзындығы 4,5 шақырымға созылған, бойында 5 «станциясы» бар теміржол аймақ балалары үшін нағыз думанды ортаға айналған-ды. Алайда, нарықтық өтпелі кезеңнің тоқырау жылдарында, 1995 жылы мамыр айының 29 күні Алматы теміржолы Семей бөлімшесі директорының өкімімен аталған теміржол жабылды. Оған сол кездегі облыстық әкімдіктің қаржыландырудан бас тартуы себеп болған еді. Осылайша, барлық жұмысшылары қысқартылып, ал теміржол желісі уақыт өте келе талан-таражға түскен-ді. Қазіргі күні ел аузында естеліктер ғана айтылады.

Десекте, араға 30 жыл уақыт салып, бұл желі қайта салынатын болды. Бүгінгі таңда үлкен аралдан арнайы жер бөлініп, топографиялық жұмыстар жүргізіліп, дизайнерлер мен архитекторлар іске кірісуде. Аталған шара қалалықтардың сүйікті демалыс орны саналатын Бейбітшілік аралын абаттандыру аясында жүргізілмек. Бұл орайда қайта салынатын «Кіші Түрксіб» балалар теміржолының байырғы нұсқасынан біршама ерекшеліктері бар. Атап айтсақ, жаңа желі қала ішімен, яғни, Ертіс жағалауын бойлап, жаяу жүргіншілер көпіріне дейін салынбақ. Бұл бір себептен аралға апаратын көлік қатынасы мәселесін де шешеді деп күтілуде. Яғни, пойыз қатынасы қалалықтардың барлығына ортақ болмақ. Жаңа жобаны жергілікті билік қаржыландырады.  

Айта кетерлігі, «Кіші Түрксіб» теміржолын іске қосу арқылы аралға қатынайтын автокөліктер нөпіріне шектеу қою көзделуде. Ондағы мақсат ерекше табиғаты бар әрі тарихи мәнге ие арал келбетін сақтап қалу болып отыр.

Мұнымен қоса, облыстық әкімдік тарапынан электр энергиясымен жүретін заманауи «паровоз» да сатып алынған. Ал, оған лайықталған арнайы вагондар даярлану үстінде. Алдағы уақыттарда Семей станциясына жеткізілетін болады.  

– Балалар темір жолы – Семей ЖТ бөлімшесі мен облыстық білім басқармасының  қарауында болатын мектептен тыс балалар мекемесі. Мақсат – жасөспірімдердің теміржол көлігіне ынтасын арттырып, техникалық тұрғыдағы шығармашылығын дамыту, жол мамандығына бейімдеу. Яғни, политехникалық білім берудің жүзеге асуына ықпал етеді. Сол себепті онда түрлі техникалық үйірмелер ашып, жұмыс жүргізудің маңызы зор, – дейді бұл орайда осы жаңалыққа қуанышын білдірген семейлік ардагер теміржолшылар қауымы.  

Сөз орайында тоқтала кетсек, тұңғыш балалар темір жолы Тбилисиде 1935 жылы  ұйымдастырылыпты. Ал, Қазақстан бойынша алғаш рет 1946 жылы Целиноградта салынған екен. Бүгінде елімізде тек Қарағанды, Алматы қалаларында ғана балалар теміржолы бар. Олар да кейіннен қалпына келтірілген.  

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды