25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Шу – Отар учаскесінде күрделі жөндеу жүргізілді

Инфрақұрылым
25.06.2024, 10:10
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалының бекітілген жоспарына сәйкес Шоқпар дистанциясының Шу – Отар учаскесі бойынша рельсті-шпал торы ауыстырыла отырып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Теміржол сапасын жақсарту мақсатында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары кезінде құрылысқа SMD-80 ауыр типті машиналары қолданылды. Рельс тіректері шаруашылық тәсілімен ауыстырылып, жаңа темірбетонды шпалдар төселді. Темірбетонды шпалдар төселген жолдың ұзындығы 5 шақырымды құрайды. Сондай-ақ 12 жаңа бағыттамалық бұрма салынды.  

Күрделі жөндеу жұмыстары кезінде 3 бағыттамалық бұрма қайта төселді. Құрылысқа пайдаланылған рельс, шпал, темір өнімдерінің бәрі – қазақстандық өнім.

– Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Дәулетбек Жолдасбаевтың басшылығымен Шоқпар жол дистанциясының қызметкерлері жол машиналарының көмегіне жүгіне отырып, жөндеу жұмыстарын жүргізді. Орташа толаскез уақыты шамамен 6 сағаттан 36 сағатқа дейін созылды. Жалпы дистанция бойынша күрделі жұмыстарға шамамен 140 жұмысшы жұмылдырылған. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарына Шу және Ақадыр машиналандырылған жол дистанцияларының жұмысшылары да атсалысты. Жөндеу жұмыстары пойыздардың қозғалыс кестесінің бұзылуына кедергі болған жоқ, – дейді Шоқпар жол дистанциясының бастығы Ахан Нартбаев.  

Құрылыс жұмыстарына тартылған жолшылар, жалпы теміржолшылардың демалыс кезінде ішінде барлық қолайлы жағдайлар қарастырылған жаңа модульдік ғимараттарды пайдаланады. Негізі демалыс орындары Шоқпар жол дистанциясы бойынша толықтай қамтамасыз етілгенін айта кету керек. Жаңа модульдік ғимараттар қазіргі уақытта Шоқпар, Кемер, Көктөбе, Бел, Қордай станцияларында орнатылған. Модульдерде теміржолшыға қажетті барлық жабдықтар бар. Оның ішінде 10 адамға жатын орын қамтамасыз етілген. Асханаға қажетті тоңазытқыш, микротолқынды пеш, тағы сол сияқты керек жабдықтардың бәрі қойылған. Теміржолшылар қазіргідей аптап ыстық кезде модульдік үйде санитарлық тораптардың орнатылғанына қуанады. Душ кабиналарында суық су, ыстық су үзілмейді.  

Жалпы Шоқпар дистанциясы бастығының айтуынша, 2025 жылға 5 модульдік ғимарат қою жоспарланған. Межелі жұмыс орындалса, келесі жылы дистанцияның барлық жұмысшылары толық санитарлық жағдайлармен қамтамасыз етіледі. Аталған учаске бойынша жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ пойыздардың жылдамдығы артады.  

 

Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді