Жолдарды жөндеу барлық технологиялық талапқа сай

Инфрақұрылым
28.06.2024, 11:24
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау магистральдық желі бөлімшесі бойынша биыл 69,642 шақырым жол күрделі жөндеуден өтуі тиіс. Өткен аптада Ганюшкино – Атырау учаскесіндегі 15-разъезд – Аққыстау станциясы аралығында 6 сағаттық толаскезде соның алғашқы шақырымын төсеу жұмыстары басталған. Бүгінде учаскедегі жұмыстар толық аяқталды.

– Рзд15 – станция Аққыстау – рзд Бақсай аралығында жоспарға сай 19,678 жол күрделі жөндеуден өтіп, құрылыс толықтай аяқталды. Мердігер – «Интегра Констракшн» ЖШС. Аталған участокта бұрынғы ағаш шпалдар түгел алынды. Әуелі жаңа мен ескінің түйіскен тұсы тазаланып, бұрандалары ағытылды. Кранмен ескі рельс шпалымен қоса жерден көтеріліп алынды да, бос вагонға жиналды. Ал тракторлар рельсі алынған жолды жыртып, сосын тегістеп, салмақпен нығыздап, жолды жаңа темірбетонды шпалдар төсеуге әзірледі. Жер төсемі дайын болғаннан кейін, қиыршық тас төсеу, жерді нығыздау, басқа да жұмыстар технологиялық талаптарға сай жасалды, – дейді Атырау жол дистанциясының бастығы Самат Боздақов.  

Құрылыс барысында ауыр жүктерді, яғни темірбетонды бұрмаларды, бағаналарды, шпалдарды, ауыр техникалардың қосалқы бөлшектерін көтеріп-түсіруге КЖ-562 маркалы краны пайдаланылып, күрделі жөндеу жұмыстары кезінде ДУАМАТ, Унимат, ДГС, ПБР, ВПРС, т.б. машиналар да қолданылған.  

Қазіргі уақытта ст.Жамансор – рзд 377 – ст. Мақат аралығында жоспарда белгіленген 22,7 шақырымның 8 шақырымына күрделі жөндеу жүргізілген. Сонымен қатар Мұқыр – Жантерек – Кенбай аралығында 22,20 шақырым жолды жөндеудің күрделі түрінен өткізу де биылға жоспарланған. Бірақ өңірде соңғы кезде жауын-шашынның үдеп кетуіне байланысты құрылысшылардың аз-маз кідіріп тұрған жайы бар. Ал жол сапасы жақсаруының нәтижесінде жолаушылар пойызының жылдамдығы 60км/ сағ-120км/сағатқа, жүк тасымалы пойызының жылдамдығы 50км/сағаттан 100км/сағатқа көтерілмек. Күрделі жөндеуден өткен жолдарда енді жолаушы пойыздарына – 120, Тальгоға – 140, ал жүк пойыздарына 100 шақырымға дейін жылдамдыққа рұқсат етіледі. Күрделі жөндеу жұмыстары барысында мердігер компания күндіз тәулігіне 6 сағаттық толаскез алып, нәтижесінде жұмысты жоспарлы уақытта бітірмекші.  

Осы жылы бөлімше бойынша күшейтілген орташа жөндеу мен бағыттамалы бұрмаларды ауыстыру жұмыстары да жүргізілуде. Яғни Атырау жол дистанциясы бойынша Аққыстау, Мақат, Сағыз, Мұқыр, Кенбай, Жамансор станциялары аралығында барлығы 15,276 шақырым жолды орташа жөндеу белгіленген. Қазіргі уақытта оның басым бөлігі біткен.  

 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті