Ақтөбе вокзалы 2025 жылы күрделі жөндеуден өтеді

Инфрақұрылым
08.10.2024, 09:34
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе облысы әкімдігінде теміржол вокзалдары мен әуежайда жолаушыларға қолайлы жағдай жасау және қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселесіне арналған жиын өтті.

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың қатысуымен өткен жиынға «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Батыс» филиалының директоры Бөріхан Беркімбаев және «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің және көлік терминалдарының басшылары арнайы шақырылды.  

Жиында Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешуге қатысты тапсырмалар сөз болды. Стратегиялық басымдықтардың бірі – көлік-логистика саласын дамыту. Заманауи әуежайлар мен вокзалдар – бұл тек көлік торабы ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды қызмет түрлерін ұсынатын нағыз сервис орталықтары. Әуежайлар мен вокзалдардағы қызметтерді кеңейту – бұл заманауи жағдайларға сәйкес үнемі жетілдіруді қажет ететін үздіксіз процесс. Қызмет көрсету сапасын дамытуға салынған инвестициялар жолаушылар санының артуы және клиенттердің адалдығын арттыра отырып, көлік торабының беделін нығайтумен өзін ақтайтыны айтылды.  

Басқосуда жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру, жалпы сервисті дамыту, инфрақұрылым жұмысын оңтайландыру және жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға қатысты ұсыныстар талқыланды. Вокзал мен әуежай жұмысына заманауи технологияларды енгізу және қызмет көрсетуді жақсартуға назар аудару қажеттігі айтылды.  

Теміржол басшылары 2025 жылы вокзал ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланғанын жеткізді. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Шатыр, инженерлік желілерді, терезелер мен есіктерді ауыстырудан бөлек, ішкі әрлеу жұмыстары, қала және перронға кіреберісті жабдықтау, жарықдиодты ақпараттық тақта орнату және басқа да жұмыстар жүргізіледі.  

Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Болат Аюпов теміржол вокзалындағы қызмет көрсету жұмыстарына тоқталды. Вокзалда жолаушы ағыны көп, тәулігіне 12 пойызды қабылдайды. Негізінен вокзал кешені 900 жолаушыға қызмет көрсетуге қауқарлы. Алайда тәулігіне төрт мыңнан астам адам келіп-кететін вокзал қызметіне айтылатын сын да аз емес.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады