Маңғыстау теміржолы күрделі жөндеуге күш салуда

Инфрақұрылым
27.06.2025, 09:20
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау теміржолында биылға жоспарланған жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Соның ішінде күрделі жөндеу бойынша жұмыс аяқталуға жақын. Биыл түбек теміржолының 15,700 шақырымын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған болса, қазірге дейін соның он шақырымдай аумағына жөндеу жүргізілген.

Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Нұрболат Шалғабайдың айтуынша, биыл жоспарға сай Бейнеу-Сайөтес -№7 бекет аралығындағы жолдар күрделі жөндеуден өтуде. Бірінші кезеңде жолдың 5,8 шақырымы алғашқы жартыжылдықта жөндеуден өтті. Маусым айының екінші жартысынан бастап екінші лектегі күрделі жөндеу басталды. Қазірге дейін 4,100 км жөндеу жұмыстары жүргізіліп үлгерген. Күрделі жөндеудің қалған бөлігі де көп ұзамай бітеді деген болжам бар. Магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары құрылыс қарқыны осы сарында жалғасса, жолшылар шілде айында күрделі жөндеуді толық аяқтайтынын жеткізді. Айтуынша, бөлімшеде жолдардың сапасын жақсарту бойынша басқа да жөндеу жұмыстары, ағымдағы жұмыстар рет-ретімен жалға сып жатыр. Күрделі жөндеуден шыққан материалдарды екінші деңгейлі жолдарға салып, станциялар басындағы жолдардың жағдайын жақсарту жұмыстары да жүріп жатыр екен.  

– Күрделі жөндеу – жолдағы материалдарды түгел ауыстыруды талап етеді. Ал одан шыққан материалдардың біразы жаңа болмаса да жарамды болуы мүмкін. Біз осы ескі жарамды материалдарды қайтадан пайдаланып, бекеттердің басындағы жолдарды жаңартуға қолданып отырмыз. Бірінші, үшінші бүйірлік жолдарға салып, ағаш шпалдарды темірбетон түріне ауыстырудамыз. №7 бекеттің екі жолына - бірінші және үшінші жолына ауыстырдық. №5 бекеттің бірінші және үшінші жолына да солай салдық. Сайөтес станциясының төртінші жолына қолдандық. Себебі ол жерде бұрын көпір салынғандықтан, содан қалған орынды реттеуге тура келді, – дейді Нұрболат Шалғабай.  

Күрделі жөндеу біткеннен кейін маңғыстаулық жолшылар орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді жалғастырады. Бұл жоспар бойынша 9,7 шақырымды құрайды. Онан басқа бағыттамалық бұрмаларды ауыстыру жоспары да ойдағыдай жүріп жатқан көрінеді. Бейнеу жол дистанциясына 17 бұрма келіп, қазірге дейін 15-і салынған. Маңғыстау жол дистанциясына 4 бұрма келіп, бәрі де салынып үлгерген.  

– Бейнеудегі қалған бұрмаларды шілденің басында орнатып боламыз. Сонымен биыл жалпы 32 дана бағыттамалық бұрманы жаңартамыз. Енді Бейнеуге тағы төртеуі, Маңғыстауға жетеуі келеді деп күтілуде. Сонымен қатар биыл бөлімше бойынша 107 шақырымда мал өтпейтін қоршау салынады. Бейнеу бағытында 53 шақырым болса, қалғаны Маңғыстау жол дистанциясы аумағында орнатылады. Қазір жоспардың орындалғаны 10 шақырым, қалған аумақта құрылыстар жалғасуда, – дейді магистральдық желі бөлімшесінің өкілі.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды