Қызылорда жол дистанциясында теміржол күтімі қарқынды жүріп жатыр

Инфрақұрылым
25.08.2025, 10:54
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда жол дистанциясында күн сайынғы тірлік тоқтаған емес. Таңғы салқынмен басталған қарбалас жұмыс күннің еңкейген шағына дейін жалғасып, жолшылар  жаздың бір күнін бос өткізбеуде.

Марат Оңалов басқаратын Қызылорда жол дистанциясы биыл жоспар бойынша екі учаскеде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізумен қатар, күнделікті жол күтімі жұмыстарын да тұрақты, технологиялық жоспарға сай жүргізіп келеді. Осындай ауқымды жол күтімі кешелі бері Қызылорда станциясының бірінші жолының жанама жолында өткізілуде. Станция жолындағы екі бірдей бағыттамалық бұрмалардың арасындағы басты жолды көтеріп, қиыршық таспен нығыздауда. Дистанция бастығының орынбасары Батыр Мамедалиев пен жол шебері Мақсат Әбдіраманов бастаған бригада екінші тәулік тынымсыз жұмыс істеп жатыр.    

Қолындағы шаблонын бір сәтке тастамайтын жол шебері әр өлшемді қадағалап, әр қиыршық тастың дұрыс төселуін бақылауда. «Жолды 60-61 мм деңгейге көтеруіміз керек. Әрбір балласт қабаты нығыздалып, қайта өлшеніп отырады. Бұл – қауіпсіздіктің басты шарты», – дейді ол.

Жолшылардың бірі домкратпен рельсті көтеріп тұрса, бірі балластты нығыздауда. Қиыршық тастар әр учаскеге алдын ала төгіліп, қол құралдарымен ықшамдалып қойылған. Енді сол тастардың астында жолдың берік табаны қаланып жатыр. Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмыс болған соң әр әрекет есеппен, әр қозғалыс талаппен орындалуда.

– Қиыршық тастар толық төселіп, нығыздалған соң арнайы жол машиналары іске қосылады. Сол кезде жолдың түпкілікті күтімі жасалып, көтерілген учаске толық пайдалануға беріледі, – дейді жол шебері Мақсат.

Жөндеу жұмыстары кезінде Қызылорда станциясының бірінші жолының оңтүстік алқымындағы жанама жол да көтерілді. Бірнеше сағатқа созылған жұмысқа қарамастан пойыз қозғалысы тоқтаған жоқ. Станция мен парк кезекшілері қозғалысты үйлестіріп, жолаушы мен жүк пойыздарының уақытылы келіп-шығуын қамтамасыз етті.

Дистанция бастығы Марат Оңалов теміржолшылардың еңбегін ерекше атап өтті. Айтуынша, жол көтеру жұмысы – жай ғана жөндеу емес, геометриялық дәлдікті талап етеін күрделі де жауапты жұмыс.

– Жол күтімін жасауда сырт көзге көрінбейтін, бірақ жауапткершілігі күрделі жөндеуге пара-пар жұмыс аз емес. Біздің тәжірибелі жолшылар қандай жұмыстың болсын үдесінен шығып, сапалы атқаратынына күмән жоқ, – деді дистанция бастығы.  

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты