Қызылорда облысында бес вокзал жаңа кейіпке енеді

Инфрақұрылым
05.09.2025, 09:42
Сурет: Қызылода облысы әкімдігі
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы және Арал аудандарына жұмыс сапарымен барып, теміржол вокзалдарын күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарының барысын көрді.

Алдымен аймақ басшысы «Тереңөзек теміржол вокзалын күрделі жөндеу және аумағын абаттандыру» жобасы аясында атқарылған жұмыстарға назар аударды. Жоба бойынша перронды жарықтандыру, брусчатка төсеу, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату, көгалдандыру, темір қоршаулар орнату және гранит тастармен әрлеу қарастырылған. Жалпы аумағы 274 шаршы метр болатын ғимарат құрылысы осы жылдың тамызында басталып, желтоқсанда аяқталмақ. Жалағаш ауданында бұрынғы теміржол пункті қайта жаңғыртылуда. Ескісі бұзылып, заманауи вокзал салынады. Сондай-ақ перронды абаттандыру және жарықтандыру жоспарланған.  

Мердігер мекеме ескі пункттің орнын тегістеуге кірісіпті. Аумағын абаттандыру үшін Жалағаш кенті әкімдігінің теңгеріміндегі жер учаскесі «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қызылорда облыстық филиалына берілген. Жобада жаңа үлгідегі ғимарат, перронды абаттандыру және жарықтандыру қарастырылған. Жосалы кентіндегі 1904 жылы салынған теміржол вокзалында да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта шатыр ашылып, ішкі бөлмелер демонтаждалып, қасбеті қапталуда.  

Төретам теміржол вокзалында да жөндеу және аумағын абаттандыру қарқын алған. Құрылыс алаңы қоршалып, эскиздік жобаға сәйкес қасбетті жылу сақтағыш материалдармен және травертинмен қаптау, шатырды жаңарту жұмыстары басталған. Ішкі бөлмелердегі гипсокартон мен кафель бұзылып бітті. Қазір құрылыс алаңында 13 адам еңбек етуде.  

Әйтеке би кентіндегі теміржол вокзалы 1903 жылы салынған. Тарихи ғимарат соңғы рет 2013 жылы жөнделген. Қайта жаңғырту жұмыстары шатырды ауыстыру, есік-терезелерді жаңарту, электр және жылу жүйелерін ішінара жөндеу, аумақты абаттандыруды қамтиды. Жаңғырту кезінде ғимараттың тарихи келбеті сақталады. Келесі нысан – «Арал теңізі» теміржол вокзалы 1904 жылы пайдалануға берілген. Бұл нысанға 2013 жылы соңғы рет күрделі жөндеу жүргізілген болатын. Қазіргі таңда ғимарат толықтай қайта жаңғыртылуда.  

Елімізде 100 теміржол вокзалын жаңғырту қолға алынған. Оның 10-ы Қызылорда облысының аумағында екен. Өңірдегі теміржол вокзалдарын күрделі жөндеу үшін шамамен 5,0 млрд теңге қаржы қажет. Жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемелер «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен келісімшартқа отырған. 2023 жылы Қызылорда қаласындағы ғасырдан астам тарихы бар вокзал мен оның аумағы толықтай жаңғыртудан өткен. 1905 жылы салынған бір қабатты вокзалға күрделі жөндеу жүргізіліп, бүгінде заманауи талаптарға сай бейімделіпті. Қасбеті травертин плиталармен қапталып, шатыры жаңартылған, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустар орнатылған.  

Сонымен қатар суағар, су, кәріз және жылу жүйелері жөнделіп, қала жақ беті көгалдандырылған. Ішкі бөлмелері де толықтай жөнделіп, сыртта екі жолаушылар платформасына асфальт төселіп, төрт тірекке 10 жарық шамы орнатылған. 1969 жылы салынған екінші нысан да жаңартылыпты. Әкімшілік ғимараттың қасбеті әрленіп, есіктері, 200 шаршы метр шатыр ауыстырылған. Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен перрон мен автотұрақ асфальтталып, жарық шамдар қойылған. Осылайша, сол аумақтағы нысандардың қасбеті де заманауи келбетке ие болды.

 

Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз