Ақтөбеде жыл сайын 200 шақырымнан астам теміржол жаңаруда

Инфрақұрылым
24.02.2026, 09:01
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбедегі Пойыздар қозғалысын басқару орталығында өткен жиында өңір дамуы мен инфрақұрылымды жаңарту, алдағы жоспарлар нақтыланды. Жиынға Магистральдық желі бөлімшесінің басшылары мен бес өңір бойынша аға диспетчер және мердігер компания өкілдері қатысты.

Цифрлық трансформация аясында іске қосылған торап аумағында бес жылда 1094 шақырым жол жаңарған. 2021 жылы РЦУП Ақтөбе құрылғаннан бері өңірдегі теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді. 2021-2025 жылдар аралығында жалпы ұзындығы 4800 шақырымды құрайтын жолдың 1094,4 шақырымына күрделі жөндеу жасалған. Бұл – 22,8 пайыз.  

Ақтөбедегі Пойыздар қозғалысын басқару орталығының басшысы Дархан Құланбаевтың мәліметінше, 2021 жылы 154,2 шақырым жол жөнделсе, 2022 жылы бұл көрсеткіш 235,1 шақырымға жетті. 2023 жылы ең жоғары нәтиже тіркеліп, 271,9 шақырым жаңартылды. 2024 жылы 229,5 шақырым, ал 2025 жылы 203,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті.  

– Жыл сайын 200 шақырымнан астам жолды жаңарту өндірістік қуаттың тұрақтылығын көрсетеді. Биылғы жоспар 202 шақырым, негізгі жұмыстар НЖС-10 (83,5 км), НЖС11 (57 км), НЖС-13 (29,7 км) және НЖС-14 (32,2 км) бағыттарында атқарылады, – деді Дархан Құланбаев.  

Нақтылап айтсақ, күрделі жөндеу жұмыстары Қызылорда, Ақтөбе және Маңғыстау бөлімшелерін қамтиды. Оның ішінде Төретам – Дерментөбе, Байқожа – Еңбекшіқазақ, Анақол – Қызылтам, Никельтау – Жазық, 312-313 разъезд аралығы секілді телімдер жаңартылады.  

Жиында мердігерлерге де сөз беріліп, белгілі бір талап қойылды. Әр сәттің маңыздылығы, жөндеу жұмыстарын қозғалысқа кедергі келтірмей атқарудың маңыздылығы түсіндірілді. Диспетчерлерден ұсыныс тыңдалды. 2025 жылы күрделі жөндеу үшін 204 негізгі және 1203 қосымша «толаскез» берілген. Бұл – қозғалыс кестесіне уақытша өзгеріс енгізу арқылы жол жөндеу жүргізілетін өндірістік уақыт аралығы. Ең көп «толаскез» ЖТ-11 бөлімшесіне тиесілі – 69.  

2025 жылғы күрделі жөндеу жұмыстарына ПМС Ақтөбе, ПЧМ Ағадыр және InComKz ұйымдары тартылған. Барлығы жоспарланған көлемді 100 пайыз орындаған. Сонымен қатар күшейтілген орташа жөндеу бойынша жоспар 30,1 шақырым болса, нақты 38,2 шақырым жол жаңартылған. Орталық басшысының орынбасары Мағауия Оразқұловтың айтуынша, өндірістік көрсеткіште өсім бар. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 10 негізгі эксплуатациялық көрсеткіш толық орындалған. Жүк айналымы – 104,7 пайыз, жүк тиеу – 105,5 пайыз, локомотив өнімділігі 100,9 пайыз деңгейінде.  

– 2026 жылдың қаңтар айында да сегіз негізгі көрсеткіш жоспардан жоғары нәтиже көрсетті. Әсіресе жергілікті вагон айналымы 107,3 пайызға жетіп отыр. Жүйелі жаңғырту жалғасады. Соңғы бес жылда атқарылған жұмыс теміржол желісінің техникалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік бергенін көрдік. Инфрақұрылымды жаңғырту – уақыт талабы. Алдағы жылдары қалған учаскелерді де кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары жалғасады, – деді Мағауия Оразқұлов.  

Теміржол инфрақұрылымын жаңғырту – өңірдің транзиттік әлеуетін арттырып, жүк тасымалының қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етудің басты шарты. Сондықтан жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады. Айта кетейік, Пойыздар қозғалысын басқару орталығы – «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның цифрлық трансформация аясындағы негізгі жобалардың бірі. Ол Батыс өңірдегі бес бөлімшенің – Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Орал және Қызылорда диспетчерлік орталықтарын біріктірді.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті