Абай облысында «Бақты – Аягөз» теміржол жобасының іске асырылу барысы талқыланды

Инфрақұрылым
13.03.2026, 10:25

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Абай облысына жұмыс сапары аясында облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергеновпен бірлесіп  «Бақты – Аягөз» теміржол жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Сондай-ақ кеңеске  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері, бас мердігер China Harbour Engineering Company Ltd. компаниясы және жобалаушы ұйым өкілдері қатысты.

Жиын барысында жобаның іске асырылу барысы, сондай-ақ жобаға қатысушы барлық тараптардың жұмысын үйлестіру мәселелері талқыланды.

«Бақты – Аягөз» жобасы елдің көлік инфрақұрылымын дамыту және Транскаспий бағытындағы трансқазақстандық теміржол дәлізін қалыптастыру тұрғысынан стратегиялық маңызға ие. Теміржол желісінің жалпы ұзындығы 303 шақырымды құрайды. Жоба аясында 11 бөлек пункт, 68 көпір құрылысы және 355 су өткізу құбырын салу жоспарланған.

Құрылысты 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Бүгінде инженерлік іздестіру жұмыстары толық аяқталып, Ай, Шолпан, Үржар және Бақты учаскелерінде төрт вахталық қалашық салынды.

Вице-министр жобаны белгіленген мерзімде іске асырудың маңыздылығын атап өтіп, құрылысқа қатысушы барлық тараптың тиімді әрі үйлесімді жұмыс істеуі қажет екенін атап өтті. Көлік министрлігі жобаның іске асырылуын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, мердігер ұйымдар және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады