Қызылорда және Ақтөбе теміржолшыларының бірлескен жұмысы нәтиже беруде

Инфрақұрылым
19.03.2026, 12:27
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда жол дистанциясының кеше Жалағаш – Қараиірім бекеттері аралығында, бүгін Тереңөзек – Қараөзек арасында Ақтөбе машиналандырылған жол дистанциясының техникалары сап түзеген күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.    

Қараиірім – Жалағаш станциялары аралығында толаскез пилоттық режимде бір мезгілде екі телімде жүргізілуде. Сондықтан толаскез уақыттары да бірде түнгі уақытқа, бірде күндізгі мезгілге және әртүрлі уақыт айырмашылығымен беріліп жатыр екен. Әрине мұндағы басты ерекшелік – телімдерден кестемен өткізілетін пойыздар құрамының қозғалысы маңызды рөл алатыны белгілі.  

Қызылорда жол дистанциясының директоры орынбасары Батыр Мамедалиев пен телім бастығы Бақытбек Сәрсенов тәулік бойы жұмыс басында жүр. Күрделі жөндеу жұмыстарының сапалы болуын қозғалыс қауіпсіздігінің басты кепілі санайтын аймақ теміржолшылары толаскезге жоғары деңгейде дайындық жасап, уақытты тиімді пайдалануға тырысуда.    

– Ақтөбе машиналандырылған жол дистанциясының Қызылорда өндірістік теліміне қарасты арнайы жол машиналарының көмегімен жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған кесте бойынша жүріп жатыр. Толаскездің тиімді өткізілуі үшін жол табанының, жоғары деңгейде тазалануы үшін жұмыс жасап, қатаң бақылау жасап жатырмыз, – дейді телім бастығы Бақытбек Сәрсенов.

– Жол машиналар кешені Дуомат-3342, ДГС-565, ПБР-871 жаңа жұмыс маусымына ақпан айында дайындық жасалып, наурыздан  бастап Қызылорда жол дистанциясының Жалағаш станциясының №9, №10 бекет жолдарында жұмысқа кірісті. Қазіргі таңда жұмыс жоспарының ретіне қарай Жалағаш – Тереңөзек станциялары арасында жолдың шағылтас қабатын тазалап, ұрып, көтеру, түзеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда Қараиірім – Жалағаш және Тереңөзек – Қараөзек станциялары аралығында жол төсемінің 4950 метрлік аумағына жол машиналарының көмегімен күрделі жөндеу жасалды. Берік Сарқожаев, Мұрат Қазанбаев, Нұрмахан Еңсепов секілді мамандардың кәсіби шеберлігін атап айту ләзім, – дейді Қызылорда өндірістік телімінің бастығы Ербол Рүстемов.

Жалпы наурыз айында жол машиналарына 10 шақырым жолды күрделі жөндеуден өткізіу бекітілсе, қазіргі таңда бір ауысымның күшімен 4950 метрлік аумақтың жолы технологиялық талапқа сай жөндеуден өткізіліпті. Мысалы бұған дейін берілген толаскездердің уақыт көлемі әр түрлі болуы, аймақтың климаттық ерекшелігі де жұмыстың өнімділігіне әсер еткендей. Дегенмен толаскездің уақытын тиімді пайдалануды алдын ала есептейтін теміржолшылар 16-17 наурызда берілген екі күнде ДМ-3342 және ДГС-565 машиналарымен 3200 метр, ПБР-871 машинасымен 5000 метрлік аумаққа күрделі жөндеумен қатар 3850 метрлік аумақты ағымдық күтімнен өткізді. Соның ішінде РМ-80 машинасымен 1100 метрлік жол көлеміне ағымдық күтім жасалды.  

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады