«Бейнеу – Маңғыстау» жобасының іске асырылу барысы

Инфрақұрылым
01.06.2026, 10:34
Сурет: Көлік министрлігі

Мемлекет басшысының еліміздің көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Бейнеу – Маңғыстау теміржол учаскесін жаңғырту бойынша ауқымды жоба іске асырылуда. Жоба магистральдық инфрақұрылымды жаңғыртуға, желінің өткізу қабілетін арттыруға және пойыздардың тұрақты әрі қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Разъездердің көпшілігінде негізгі жер жұмыстары аяқталды, рельс-шпал торын төсеу және жолдарды балластау жұмыстары жалғасуда. Бағыттауыш бұрмаларды қиып орнату және темірбетон су өткізу құбырларын ұзарту жұмыстары орындалды. №12 разъезде көпір салу жұмыстары жүріп жатыр: негізі дайындалып, іргетас элементтері мен темірбетон тіреулер монтаждалды, сондай-ақ қалыптар орнатылды.

Дабыл беру, орталықтандыру және бұғаттау жүйелері бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Магистральдық кабельдері мен талшықты-оптикалық байланыс желілерін төсеу аяқталды. Қазіргі уақытта мамандар кабельдерді сынақтан өткізу, жалғағыш және тармақтағыш муфталарды монтаждау, жол жәшіктерін орнату жұмыстарын жүргізіп жатыр, сондай-ақ блок-учаскелерді іске қосу-баптау жұмыстарына дайындауда.

Барлық іс-шаралар бекітілген өндірістік кестеге сай жүргізілуде.

Жоба аяқталғаннан кейін «Бейнеу – Маңғыстау» учаскесі қабылдау-жөнелту жолдарының заманауи инфрақұрылымымен және пойыздар қозғалысын ұйымдастырудың жаңартылған жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бұл тасымал қауіпсіздігін арттыруға, магистральдың өткізу қабілетін айтарлықтай өсіруге және өңірдегі теміржол көлігінің тиімді жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жобаның жүзеге асырылуы аталған учаскенің өткізу қабілетін тәулігіне 12-ден 17 жұп пойызға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жобаны аяқтау 2026 жылдың соңына дейін жоспарланған.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл