Сексеуіл стансасында жаңа вокзал құрылысы қарқын алды

Инфрақұрылым
08.06.2026, 12:10
Сурет: Қызылорда облысының әкімдігі

Сексеуіл стансасында жаңа теміржол вокзалының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Нысанның жұмыс барысымен облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және бірқатар ел ағалары танысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жобаны «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жүзеге асыруда. Бас мердігер ретінде «Техоснастка-Ремсервис» серіктестігі жұмыс атқарып жатыр. Құрылысқа жалпы 700 млн теңге бөлінген.

Қазіргі таңда нысанның негізгі құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Ғимараттың сыртқы қаптауы толық орындалып, ішкі әрлеу жұмыстары аяқталған, есіктері орнатылған. Енді аумақты абаттандыру, жаяу жүргіншілер жолын реттеу және инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізілуде.

Жаңа вокзал іске қосылғаннан кейін жолаушыларға қолайлы жағдай жасалып, қызмет көрсету сапасы артады деп күтілуде. Сондай-ақ нысан өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін күшейтіп, жолаушы тасымалының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Айта кетейік, Қызылорда облысы аумағынан жалпы ұзындығы 1051,7 шақырым магистральдық теміржол өтеді. Өңірдегі теміржол инфрақұрылымында 8 вокзал және 2 қызмет көрсету пункті жұмыс істейді. Тәулігіне 15 жұп жолаушылар пойызы қатынайды.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласынан Астана, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Семей және Түркістан бағыттарына 6 жұп жолаушылар пойызы ұйымдастырылған. «Қызылорда – Бесарық – Түркістан» әлеуметтік маңызы бар бағыт та өңірдің оңтүстік аймағындағы 26 елді мекен тұрғындарын тұрақты көлік қатынасымен қамтамасыз етіп отыр.

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды