Экологиялық мәдениет – өркениет белгісі

Инфрақұрылым
09.06.2026, 09:19
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және Эколог күніне орай Астанада «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, экология департаментінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.  

Жалпы серіктестіктің барлық 13 филиалында «Климаттың өзгеруінің теміржол инфрақұрылымына әсері» тақырыбында экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне арналған дөңгелек үстелдер өткізіліп, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық бастамаларды іске асыру және әрбір қызметкердің табиғи ресурстарды сақтау және климаттың өзгеруінің әсері үшін жауапкершілігін арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» акциясы аясында филиалдар табиғатты қорғау іс-шараларының кешенін ұйымдастырды. Мысалы, 1500-ден астам қызметкер қатысқан «Автокөліксіз күн» және «Пластиксіз күн» акцияларын айтуға болады.  

Өскелең ұрпақтың назарын экология мәселелеріне аудару үшін «Табиғатты сақта» тақырыбында балалардың сурет байқауы ұйымдастырылып, оған серіктестік қызметкерлерінің 50-ден астам баласы қатысты. Әкімшілік ғимараттар мен өндірістік бөлімшелерде үй-жайларды көгалдандыру бойынша акциялар өткізіліп, 250-ден астам жаңа өсімдіктер қойылды. Филиалдарда 1800-ден астам қызметкердің қатысуымен сенбіліктер ұйымдастырылып, 45 тоннаға жуық тұрмыстық және өндірістік қоқыс шығарылып, іргелес аумақтар тазартылды.  

Осынау іс-шараларға белсенді қатысқан серіктестіктің Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда филиалдары ерекше атап өтілді. Бұл іс-шаралар серіктестіктің экологиялық саясатының маңызды бөлігіне айналды және қызметкерлердің қоршаған ортаны сақтау мен қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жауапкершілігінің жоғары деңгейін көрсетті.  

Астанада өткен жиында ҚТЖ-ның барлық өңірлердегі эколог мамандарымен бейнеконференция арқылы байланыс орнатылып, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас инженері Марлен Көкірекбаев сөз сөйледі. Ол биыл бұл күн әлем бойынша «Климаттың өзгеруімен күрес және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту» деп аталып отырғанын жеткізді.  

– Біздің серіктестік ірі жүк тасымалдаушы ретінде зиянды қалдықтарды азайту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және өндірістік процестердің энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды дәйекті түрде іске асырады. ҚТЖ-да төмен көміртекті даму тұжырымдамасын және корпоративтік экологиялық саясатты іске асыру шеңберінде әрбір бес жыл сайын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жоспарлар әзірленеді және іске асырылады. 2020-2024 жылдарға арналған Жоспарды орындау қорытындысы бойынша серіктестікте 160 іс-шара іске асырылды, бұл энергетикалық ресурстарды тұтынуды 5,5% немесе 6 мың тоннадан астам шартты отынды қысқартуға мүмкіндік берді, ал экономикалық тиімділік 59,6 млн теңгені құрады, – деді бас инженер.  

Қазіргі уақытта серіктестік нысандарында сұйық және қатты отынмен жұмыс істейтін 44 электр қазандығы, 10 газ қазандығы және 23 қазандық пайдаланылуда. Төмен көміртекті даму саясатын іске асыру шеңберінде компания жылумен жабдықтау объектілерін электр энергиясына ауыстыру бойынша жоспарлы жұмысты жалғастыруда. Бұл тәсіл ластаушы заттар мен парниктік газдар шығарындыларын едәуір азайтуға, өндірістік объектілердің энергетикалық тиімділігін арттыруға және компания мен ҚТЖ-ның экологиялық мақсаттарына қол жеткізуге қосымша үлес қосуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта бағдарламаның 2025-2029 жылдарға арналған келесі кезеңі іске асырылуда, оған 93 іс-шара кіреді. Күтілетін нәтиже – энергетикалық ресурстарды тұтынуды 511 мың тоннадан астам шартты отынға төмендету және экономикалық тиімділікті алу шамамен 39,8 млрд теңге.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл